Арқалық өнерпаздары жүлдемен оралды

Выпуск - №47 (544)   :   02.12.2022
655

«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы» мен Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өнер мен спортты қатар алып жүрген Қостанай қаласы мәдениет және өнер саласының қызметкерлері арасында волейбол жарысы өтті.

Тартысты спорт додасының ашылу салтанаты аудандық Е.Сейкенов атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткізілді. Жиында аудан әкімінің орынбасары С.Ганиев сөз сөйлеп, саламатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберлікті шыңдау өте маңызды екенін атап өтіп, қатысушыларымызға сәттілік тіледі.

Волейбол ойыны адамға аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан: жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, т.б. жаттығулардан тұрады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде, ең бастысы, адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, осы ойын барысында нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңына дәл түсіру, болмаса допты мергендікпен әріптесіне бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау және т.б. Демек волейболды – адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі деуге болады.

Тартысты додаға Жітіқара, Әулиекөл, Жангелді, Амангелді аудандары, Қостанай, Арқалық қалаларынан 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қаламыздың абыройын асқақтатқан ойыншыларымызға (суретте) тоқталар болсам. Арқалық қаласындағы №2 ОӘҒК қызметкері Жанболат Ерман – үздік ойыншы. Нұрсұлтан Болатұлы Арқалық медициналық колледжінде жұмыс істей отырып, асабалық қызмет атқарады. Шынболат Жанбосынов КГП «КЮЭС» қызметкері, сонымен қатар асабалықты жанына серік еткен сері жігіт. Уалихан Қонысбаев Арқалық медициналық колледжі, музыкант, әнші, қалалық, облыстық байқауларда өнерін паш етіп жүрген азамат. Асылхан Сәлімжан қаламыздағы Б.Майлин атындағы №3 ЖББМ, той сәнін келтіріп, халықтың көңілінен шығып жүрген асаба. Және мен, Ниязбек Оразов, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің мұғалімімін, жүргізуші, әншілік қырларыммен танылып, қазақ халқының өнерін, мәдениетін дамытуға үлесімді қосым жүрмін.


Тартысты бәсекеде командалар шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Амангелді ауданының құрамасы, 2-орынды Қостанай қаласының командасы, ал жүлделі 3-орынды Арқалық қаласы қанжығасына байлады. Саламатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жеңісті де жемісті күндер көп болсын дегім келеді!


Ниязбек ОРАЗОВ,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық колледжі
Жастар ісі жөніндегі
Комитетінің төрағасы,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.