Әулиекөл ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №1 Құсмұрын ЖББ мектебінде аудан оқушылары арасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл және ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 32 жыл толуына орай «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысы өтті.

Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат беру, соғыс ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімін көтеру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, оқушыларды ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге дайындау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, сонымен қатар саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен іс-шараға ата-баба рухына дақ түсірмей, оқ пен отқа орана жүріп, елге абыроймен оралған Ауған соғысының ардагерлері, Кеңес әскерінің сарбаздары, жауынгер ағаларымыз қатысты.
Қаһарман жерлестеріміз – 161/4 мекемесі зейнеткерлері, Әулиекөл ауданы білім бөлімінің әдіскері М.Р. Галлямов, Әулиекөл және Науырзым аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник М.З. Сапинов жас буынға үлгі-өнеге боларлық құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Әулиекөл әскери бөлімі әдіскері мен баспасөз қызметкерлері қонақ ретінде шақырылды. Іс-шара барысында ауданымыздың 10 мектебінің жастар мен өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие берудің ерекше үлгісін көрсетіп жүрген алғашқы әскери дайындық мұғалімдерінің жетекшілігімен келген оқушылар бақтарын сынады.
Іс-шараның ашылу салтанатында Мемлекеттік Ту кіргізіліп, әнұран айтылды. №1 Құсмұрын ЖББ мектебінің директоры А.С. Аяндина құттықтау сөз сөйлеп, мектептің алғашқы әскери дайындық мұғалімі М.Б. Бейсембин әскери-спорттық жарыстың шарттарымен таныстырды. Аудан мектептерінің оқушылары көрсетілген бағыттар бойынша аймақтарда сайысқа түсті. Қазылар алқасы сайыс қатысушыларына әділ бағасын беріп, нәтижесінде қатысушылар номинациялармен марапатталса, жетекшілері аудандық білім бөлімінің атынан Алғыс хатқа ие болды.
Жалпы қорытынды бойынша, №1 Құсмұрын ЖББ мектебі І орынды, №2 Құсмұрын ЖББ мектебі ІІ орынды, С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназия ІІІ орынды иеленді. Жас буынға ардагерлердің өжеттігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеуге бағытталған бұл іс-шараның расымен де жастарға берері мол болды.
Айман АЯНДИНА,
№1 Құсмұрын ЖББ
мектебінің директоры,
Балауса ТАЙКЕШЕВА,
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.