Ата заңым – азат елдің айбары

Выпуск - №№34(481)   :   02.09.2021
581

Конституция күні – еліміздегі ең басты мерекелердің бірі болып саналды. Сондықтан қаламыздағы №8 балабақшада жаңа оқу жылының қарсаңында, дәстүр бойынша Конституция күніне арналған ертеңгілік өтті.

Мерекеге мектепалды даярлық тобынан «Гномики», «Колокольчики», «Сказка» және ересек топтардан «Пчелки», «Айгөлек», «Василек» топтары қатысты. Шара балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, құқықтық сауаттылыққа және ұлтжанды ұрпаққа тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізе отырып, патриоттық сезімдерін ояту мақсатын көздеді. Шараны ұйымдастыруға тәрбиешілер, музыка жетекшілері, спорттық ңұсқаушылар, қазақ тілі мұғалімдері алдын ала жұмыс жүргізді. Олар Қазақстан Республикасының Ата заңымен таныстыру мақсатында балалармен әңгімелесті.

Аталмыш шара әнұранмен ашылып, жүргізуші балаларға Ата заңымыз туралы ақпарат берді. Балалар еліміздің негізгі заңын қабылдаудағы еліміздің Тұңғыш Президентінің рөлі туралы білу мүмкіндігіне ие болды. Конституция күніне арналған презентация арқылы фотосуреттер ұсынылды. Артынша Қазақстан Республикасы туралы викториналық сұрақтар қойылып, тақырып бойынша жұмбақтар шешілді. Балалардың құқығы және міндеттерімен таныстыру мақсатында бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер, тақпақтар тыңдалды, соңында ұлттық ойындар ойнатылды. «Гномики», «Сказка» топтары «Балдәурен» әнін тебіренте шырқаса, «Айгөлек» тобы «Сәлем, Қазақстан» әнімен тыңдаушыларды баурап алды.

Балабақшада осындай мерекелік жиындарды өткізу елдігіміздің айбыны Ата заңымызда көрсетілген құқықтарымызды түсінуді, оларды қастерлей білуді насихаттайды. Қазақстанның Конституциясының бүгінгі күнге дейінгі өміршеңдігі мен тиімділігін толық дәлелдеді. «Заңы заңғар елдің – заманы озық» дегендей, Тәуелсіздіктің арқасында Ата заңымызды басшылыққа ала отырып, біз барлық қазақстандықтардың жарқын болашағына жол ашатын жаңа белестерді бағындыратын боламыз.


Әсемгүл ЕСЕНАЛИНА,
№8 б/б қазақ тілі мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.