Ауғанның отты жылдарын еске алды

Выпуск - №6(603)   :   15.02.2024
783

1979 жылы 25 желтоқсанда Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан территориясын әуеде де, жерде де кесіп өтті. Сөйтіп, 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс жүрді. Биыл 15 ақпанда осы соғыстың аяқталғанына 35 жыл толады.

Осыған орай Мичурин жалпы білім беретін мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған іс-шара өтті. Іс-шараға құрметті қонақтар – ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер Северин Станислав Геннадьевич, Германиядағы совет әскерлері тобының, Варшава шарты әскерлері тобының ардагерлері Мусин Марат Серикович, Шакаров Сейіт Саматович, Ермагамбетов Рамазан Айкенович, сондай-ақ, педагогикалық еңбек ардагері, АӘТД оқытушысы Бурдюг Сергей Петрович шақырылды.

Іс-шара аясында 8–11-сынып оқушылары үшін ерлік сабағы өткізілді. Оқушылар Ауған соғысының ардагерлеріне, Ауған соғысының тарихы және ондағы қызмет жолдары, өткен қиыншылықтары мен есте қалған қуаныштарын, ондағы болған жағдайлар туралы өздерінің көкейіндегі сұрақтарын қойды. Қонақтарымыз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, бастан кешкен оқиғаларын айтып, оқушыларды Отанын сүюге, оны қашанда қорғай білуге шақырды. Іс-шара барысында оқушылар АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтай алу қабілеттерін көрсетіп, өлең оқып, патриоттық әндер шырқап, іс-шара соңы концертке ұласты. Мичурин ауылдық округінің әкімі Балтабек Казгереевич Жумагалиев құттықтау сөз сөйлеп, Ауған соғысының ардагері Станислав Геннадьевичке мадақтама табыс етті.

Іс-шара соңында «Германиядағы совет әскерлері тобының, Варшава шарты әскерлері тобының ардагерлері» Республикалық қоғамдың қорының Қостанай облыстық филиалы атынын мектеп ұжымына өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі қосқан үлесі үшін алғыс хат берілді. Жыл сайын осы күні біз Ауған соғысына қатысушыларды қазіргі ұрпақ ауған трагедиясын ұмытпауы үшін еске аламыз.


Ерасыл КАЗЫБАЕВ,
Айжан ЖАБАЕВА,
Мичурин ЖББМ
басшысының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.