Бақыттың бастауы – қауіпсіз мектептен

Выпуск - №20(668)   :   28.05.2025
442

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қостанай облысы білім басқармасының бастамасымен «Қауіпсіз мектеп – бақытты бала» атты балалар игілігіне бағытталған мазмұнды диалог алаңы ұйымдастырылды.

«Қауіпсіздік» пен «бақыт» ұғымдарының өзара байланысы қандай? Қостанай облысында қазір бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету үшін тағы не істеу керек? Осы және өзге де көкейтесті мәселелерді талқылауға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, білім басқармасының басшысы Айман Ибраева, Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алена Мальгаева, Қостанай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Несібелі Басенова, республикалық оқушылар олимпиадасының және жобалар конкурсының жүлдегерлері, олардың педагогтері мен ғылыми басшылары қатысты.

IMG-7909

– Халықаралық балаларды қорғай күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы бойынша 22 мамырдан 1 маусымға дейін өңірлерде «Қазақстан балалары» онкүндігі өткізілмек және бұл іс-шаралар біз үшін ерекше маңызды. Оның аясында отбасы, қауіпсіздік, балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты тақырыптар қозғалатын болады. Осы уақытқа дейін мемлекеттік органдарда балалардың қауіпсіздігі мәселелерін талқылайтынбыз, ал бүгін сіздердің қауіпсіздіктеріңіз, болашақтарыңыз туралы, басқа да көкейтесті мәселелерді өздеріңізбен бірге талқылауға шешім қабылдадық, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы.

IMG-7912

Артынша диалог алаңында көтеріліп отырған мәселеге оралып: «Жас өрендерді тәрбиелеу мен оқыту үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалған кезде ғана, біз әр баланың табысты дамуына барлық жағдай жасалды деп айта аламыз», – дей келе, мектеп оқушыларының пікірлеріне ашық екенін білдірді. Өз кезегінде қатысушылар ашық диалогта қауіпсіз орта және сапалы жағдайлар жасау оқушылардың қабілеттерін ашуға қалай ықпал ететінін, әр баланың өз құқықтарын білуі және оларды қорғай алуы, психологиялық қауіпсіздікті қалай түсінетіндері жайында ой бөлісіп, басқа да маңызды мәселелерді қозғады.

IMG-7910

– Бақыттты балалық шақты қамтамасыз ету үшін мектептің қауіпсіз орта болуы маңызды. Ол үшін бірнеше нақты қадамдар жасалуы қажет. Мұғалімдер мен ата-аналар баланың дауысын тыңдап, оның пікірін құрметтеу керек. Бақытты бала өз ойын еркін жеткізеді және қателесуден қорықпайды. Ол тек өз үйінде ғана емес, мектепте де жылулық пен қолдауды сезінуі қажет. Сондықтан қауіпсіз орта құру – болашақтың сенімді негізі, – деп «Озат» МАТМЛИ оқушылары Нұрсая Рақым мен Шолпан Утепова ойларын ашық білдірді.
Маңызы зор кездесу соңында Республикалық олимпиада мен Республикалық ғылыми жобалар конкурсында 2 және 3-орынға ие болған жүлдегерлер марапатталды. Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов оқушыларға ақшалай сертификаттар, ал олардың педагогтеріне Қостанай облысы әкімінің атынан Алғыс хаттар табыстады.

IMG-7911

Жамал ШАУКЕН

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.