Терезеден құлау – балалардың жарақаттануы мен әсіресе, қалаларда қайғылы жағдайларға әкеп соқтаратын негізгі себептерінің бірі. Табиғи қызығушылығына байланысты балалар ашық терезеге жақын барғысы келіп тұрады.

Құлап кеткен жағдайда балалар мидың жарақаттарымен, орталық жүйке жүйесінің, аяқ-қолдардың, сүйектердің, ішкі ағзалардың зақымдалуымен (бауыр мен көкбауырдың жарылуы) бірге ауыр жарақат алады, бұл ұзақ емдеуді және қалпына келтіруді қажет етеді, ол бірнеше апта немесе тіпті айларды қамтиды. Салдарынан кейде бала денсаулығын толық қалпына келтіру қиынға соғып, тіпті өмір бойы мүгедек болып қалуы да ықтимал. Ал баланың оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болу жағдайлары да сирек емес.
Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша он бала терезеден құлап кеткен (2020 ж. – 5 бала), оның ішінде бір бала қаза тапты (Арқалық қ.). Қалалар бөлінісінде құлап кеткен балаларға қатысты статистика мынадай: Рудный қаласында – 4, Қостанай қаласында – 4, Арқалық қаласында – 1, Лисаковск қаласында – 1 жағдай тіркелген. Бұл ретте балалардың едәуір бөлігінің жас шамасы үш жастан аспайды.
Баланың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғаны болдырмас үшін келесі қағидаларды сақтау керек: Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларды қараусыз қалдырғанда орын алады. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз; Бала терезеге көтеріле алмауы үшін жиһаздың барлық түрлерін терезе алдынан алшақтатыңыз; Москит торына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған! Керісінше – москит торы қайғылы оқиғаға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінгендіктен, терезеге де, москит торына да сүйенеді. Көбінде балалар осы торлармен бірге құлайды; Мүмкіндігінше, терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз; Терезелерге арнайы бекіткіштерді қойыңыз, ол балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді.
Одан бөлек, терезе торларын қою арқылы, терезелерді қорғаңыз. Торлар балаларды ашық терезеден құлаудан қорғайды. Егер сіз терезенің барлық өлшеміне тор орнатсаңыз, оны өрт болған жағдайда тез ашу тәсілі болуы тиіс! Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз – оны әрдайым мықты бекітіңіз, баланың шапшаң қимылдарына дайын болыңыз, алақанды құрғақ ұстаңыз, баланы киімнен ұстамаңыз. Ал ата-аналарға айта кетер ең басты жайт: кішкентай баланы ешуақытта қараусыз қалдырмаңыз.
Қостанай облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
ТЖ алдын алу бөлімі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.