Балаларға бірге көмектесейік!

Выпуск - №26-27(523-524)   :   08.08.2022
591

Жақында үстіміздегі жылдың тамыз айының 1-і мен қыркүйектің 30-ы аралығында өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алды. Шарапаты мол шара әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпы ұлттық міндетіміз», – деген сөзін медет етіп, биылғы «2022 жыл – Балалар жылына» орай жылдағы дәстүрге сай «Мектепке жол» республикалық акциясын бастадық.

Республикалық қайрымдылық акциясы аясында Айсары жалпы білім беретін мектебінің 30-ға жуық білім алушысына көмек көрсетіледі деп жоспарлануда. Қыркүйек айының 30-ына дейін жалғасатын акция барысында көмекке мұқтаж ата-аналардан да өтініштер қабылданатын болады. Сол себепті көмек берілетін балалардың саны артуы мүмкін.

Қазіргі нарықта барлығы қымбаттап жатқан заманда баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес екені анық. Бұл, әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың қалтасына ауыр тиетіні рас. Сол себептен де биылғы «Балалар жылында» көмекке мұқтаж балалардың жаңа оқу жылында мектепке қажетті құрал-жабдықтар және киіммен толыққанды қамтамасыз ету үшін әр білім беру мекемесінде қалам-қарындаш, дәптер сынды құралдарды жинау орындары бар.

Көмекке мұқтаж балаларға демеушілермен қатар қарапайым халық та жәрдемдесе алады. Акцияға қатысып, қайрымдылық көрсетемін деушілерге мына мекенжай бойынша байланысуға болады: Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Айсары ауылы, Школная 1 көшесі. Телефон: 66-1-95.


Жанагүл ЖҰМАБАЕВА,
Айсары ЖББМ
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!