«Балаларға бірге көмектесеміз!»

Выпуск - №27-28 (575-576)   :   13.08.2023
370

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Биыл да игілікті шара мақала тақырыбындағыдай ұранмен бастау алды. 

Шарапаты мол акция жаңа оқу жылына дайындық уақытында баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, сондай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсетуге негізделген. Бір ерекшелігі, акцияға ниет білдірген адамдардың әрқайсысы атсалыса алады. Осылайша әлеуметтік жағдайы осал отбасыларының балаларын мектепке дайындауға көмектесе аламыз. Акцяға қатыса отырып, әрбір балаға шынайы қамқорлық таныту мүмкіндігіне ие боламыз.

Барлықтарыңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз! Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылдық округіндегі Абай негізгі орта мектебі жерлестерімізді, жеке кәсіп иегерлерін игілікті акцияға қатысып, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек қолын созуға шақырамыз. Акцияға қатысамын, қосыламын деушілерді Абай негізгі орта мектебінің сенім телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (71455) 3 82 19.


Әйгерім ӘМІРОВА,
Абай негізгі орта мектебінің
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что  «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!