Биыл Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығының құрылғанына жеті жыл. Сонау 2019 жылы жұмысын бастап, соны соқпақпен жүріп өткен Орталық директоры Елена Петренко мен білікті ұжым өңірдегі психологиялық қолдау жүйесінің маңызды тірегіне айналды.
Жеті жыл – үлкен белес. Осы уақыт ішінде заман талабынан туындаған сын-қатерлермен бетпе-бет келіп, бастапқы көздеген мұратынан таймай келе жатқан Орталықтың көздегені бір – өрімдей жас жеткіншектер кездесетін қиындықтардың алдын алу емес, сол құбылмалы өмірдің «тосын сыйларына» мойымай, қайтпас қайсарлықпен қасқайып тұратын тұлға қалыптастыру. Жұмыстың басты көрсеткіші – облысымызда балалар арасындағы суицид деңгейінің айтарлықтай төмендеуі. Бұны өшуге шақ қалған мыңдаған үміт шырағының қайта жағылуы деп бағаласақ болады.
– Суицидті, деструктивті мінез-құлықтың және кез келген аддикцияның, яғни тәуелділіктің алдын алу стреске төзімділікке және эмоционалды интеллектінің дамуына тікелей байланысты. Бұл бағытта құрғақ дәріспен шектелу жеткіліксіз, өйткені ол қажетті қасиеттердің қалыптасуына ықпал етпейді. Сондықтан біз тек «өртті сөндірумен» шектелмей, бірнеше қадам алға қарауымыз керек. Мұның негізі – тәрбиеде. Бүгінгі әлеуметтік орта құбылмалы әрі шиеленісті сипат алған тұста: «Баланың ішкі күшін қалай бекемдеп, оны төніп тұрған қатерден қалай арашалаймыз?» деген орынды сауал туындайды. Әрине, бала – қоғамның ажырамас бөлшегі. Ол ересектердің түйткілді мәселені қалай шешетініне қарап, көргенін және қолынан келгенін істейді. Сондықтан қоғамдық деңгейдегі жүйелі психопрофилактика аса қажет, – деп түсіндіреді Елена Петренко. – Қазірдің өзінде біздің Орталық облыстың әрбір ауданы мен қаласында ата-аналармен бірлескен оқу-семинарларын өткізуде. Өйткені олар балалары аутодеструкция мен буллингке тап болса, не істеу керектігін білуі тиіс. Өкінішке қарай, психолог мәселені анықтап, маманға қаралуды ұсынса да, медициналық көмектен бас тартып жататындар аз емес. Мұндай жағдайдың соңы қайғылы аяқталуы мүмкін. Сондықтан біздің жұмыстың басым бағыттарының бірі – психологиялық ағарту.
Қолына дипломын алған жас маманның кәсіби жолы іс жүзінде заман талабына сай күрделі сұраныстардан басталады. Бұл мәселе әркез Орталық басшылығының назарында. Мамандардың кәсіби деңгейін көтеру үшін арнайы бағдарламалар мен авторлық курстар да әзірленген. Осы уақытқа дейін Орталық тарапынан 54000 маман оқытылса, соның 6200-і – кәсіби психологтар. Орталық ашылған күннен бастап өңірдің қалалары мен аудандарындағы психологтарды жаңа дағдылар мен қосымша біліктіліктерге баулуды басты бағыт етті. Сонау 2019 жылы Қостанайда іргетасы қаланып, бес жыл бойы республикада ешбір баламасы болмаған Орталықтың үлгісімен 2025 жылы ел көлемінде осындай 20 мекеме іске қосылды.
Орталықтың жұмысында балалар мен ата-аналарға бағытталған тың жобалар ерекше орын алады. Соның бірі – республика деңгейінде қызығушылық тудырған «Сторителлинг» байқауы. Мұнда балалар басынан өткерген қиындықтарды қалай жеңгені туралы баяндайды. Биыл үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан байқауға арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері де тартылды. Отбасылық тәрбиені нығайту мақсатындағы «Менің отбасым – Қазақстанның бір бөлшегі» жобасы да жемісін беруде. Сонымен қоса білім ошақтарында Орталықтың «Отбасылық клуб» және жазғы уақытта «Психологиялық қолдау алаңдары» жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Ал қауіп-қатерлерді ерте бастан анықтауға мүмкіндік беретін авторлық «Сигнал» бағдарламасы – бір төбе.
– Сонау 2022 жылы біз Астана қаласында эмоционалды интеллект бойынша білікті тренердің арнайы оқуынан өткен болатынбыз. Кейіннен «каскадтық әдіс» арқылы жинаған тәжірибемізді облыстың психологтарына тараттық. Осылайша, «Эмоционалды интеллект» жобасы сәтті бастау алып, әлі күнге дейін жұмысын сәтті жалғастырып келеді. Бүгінде облысымыздың әр қала мен ауданында білікті мамандардан тұратын Орталық өкілдері – «Желілік үйлестірушілер» қызмет етеді. Бала құқықтары жөніндегі уәкілдермен, атап айтсақ, өңірлік уәкіл Несібелі Зариванқызы және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Болатқызымен тығыз байланыс орнатылған. Мұндай жүйелі әрі бірлескен жұмыс балалардың құқығын қорғау мен психологиялық саулығын сақтауда маңызды рөл атқаруда, – дейді Орталық директоры Елена Александровна.
Бүгінгі күннің сын-қатерлері психолог маманға жүктелетін жауапкершілік пен жұмыс көлемін еселеп отыр. Өкінішке қарай, еңбекақы деңгейі әлі де осынау жүктемеге сәйкес келмейді. Бірақ қоғамда психологиялық көмекке деген сұраныстың артқаны байқалады. Бұған Орталыққа келіп түсетін қоңыраулар мен өткізіліп жатқан консультациялар санының өсуі дәлел. Осы 7 жыл ішінде Орталықтың психологтар штаты үш есеге артып, мамандар 5730 бетпе-бет және 31587 онлайн-консультациялар өткізіп, «сенім телефонына» түскен 10805 қоңырауды қабылдаған. Ал 15215 тақырыптық консультацияларға облыстың 200 мыңнан астам тұрғыны қатысқан! Бұл жай ғана статистика емес, Психологиялық қолдау орталығы созған көмек қолы және қоғамның сенімі.
Жамал ШАУКЕН
Келешек мектепте Ыбырай қоңырауы сыңғырлады
Увлекательное развитие речи
Есть только одно средство стать культурным человеком – чтение
Место, где рождаются мечты и раскрываются таланты
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.
Коллектив Айдарлинской общеобразовательной школы из года в год остаётся преданным и постоянным читателем газеты «Учительская плюс». Я глубоко убеждена, что это издание – незаменимый и важнейший ориентир для каждого современного педагога. На страницах газеты оперативно освещаются ключевые новости образования, публикуются практические статьи, ценные методические рекомендации и масса полезных материалов. Особая ценность издания для нас заключается в возможности знакомиться с передовым опытом коллег из других школ и черпать свежие, вдохновляющие идеи для собственной практики. В то же время газета даёт и нам прекрасный шанс заявить о себе: публиковать свои достижения и делиться наработками с широкой аудиторией. Именно поэтому «Учительская плюс» для меня – одно из самых важных изданий, напрямую способствующих профессиональному росту.