Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бір-бірімен ұштасып жатады. Осынау үш зат қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп, күлін жерге көміп тастаған.
.jpg)
Неге десеңіздер, кез келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады. Ал бесік – киелі мүлік, тек қазіргі күнде қолданылмай бара жатқаны өкінішті. Халқымыз қашаннан баланы бесікке бөлеуге баса назар аударған. Себебі бесікте баланың ұйқысы тыныш, бойы таза. Ал қазіргі заманда көп жағдайда бірреттік жаялықтар қолданылады. Памперс – синтетикалық заттан жасалғандықтан, көп қолдану бала денсаулығына зиян. Сапасыздары ауа өткізбейді. Сондықтан да баланы бесікке бөлесеңіз, əрі пайдалы, əрі ақшаңыз да үнемді.
Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі – бесікті аңсап тұратындығында. Ондай бала өз бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Ертеректе анасы бесікті жайлап тербетіп отырып, бесік жырын айтатын болған. Осы бесік жырынан балаға алғашқы тəрбие берілетін. Өйткені, баяу ырғақпен айтылған анасының əлдиі баланың құлағына сіңеді. Осындай əдемі əуеннің астарында əдемі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына əсерлі əуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың əлдиі ана сүтімен қосылып осылайша сіңеді.
Қазақтар бесікті негізінен қайың, талдан иіп жасағандықтан ол жеңіл келеді. Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын көреміз. Біріншіден, ол екі жаққа тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, бесіктегі сəби есейе келе қаншама бұлқынса да аударылып кетпейді. Екіншіден, тербеткенде адам қолы шаршамайды, ырғаққа оңай келеді. Үшіншіден, жылы əрі таза. Баланың дəреті денеге жайылмай, шүмек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды. Төртіншіден, желдің өтінен, жердің сызынан, аптап ыстықтың лебінен қорғайды.
Бесіктің тағы бір арықшылығы – ол баланы емізуге қолайлы. Баланы жөргектен шешіп алмай-ақ, анасы бесікке сүйеніп отырып емізе береді. Алтыншыдан, дене мүшелерінің, яғни бастың қисық болмай, домалақ болуына, аяқтарының да түзу болып өсуіне бесікке жатудың көмегі тиеді. Бесіктің заманауи түр-түрін А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Серікбай Оспанов ағамыз жасап, кеңесін бере алады. Ал Меңдіқара ауданы Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны – Сақыпжамал есімді ақжаулықты анамыз баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары жайында мағлұмат кеңес жүргізген еді.
Баймұқан ТЕМІРБЕКҰЛЫ,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.