Бәсекеде бағы жанған Торғынбек

Выпуск - №1-2 (448-449)   :   18.01.2021
544

Мұхтар Әуезов атындағы №5 мектепте оқушылардың қысқы демалыс уақыттарын тиімді өткізу мақсатында қолға алынған «Қазақстан балалары – қысқы ғажайыптар» тақырыбындағы бастама аясында жас кәсіпқой боксшымен кездесу өткізді.

«Бар жеңісім мен жетістігімді туған жерім – Торғай өңіріне арнаймын», – деп сөз бастаған ол – байрақты бәсекенің басында жүріп, жас болса да бірнеше додаларға қатысып, жеңісі мен жеңілісін саптай тізген жас спортшы, ҚР спорт шебері, WBO WBC тұжырымдамалары бойынша Азия чемпионы, MTK Clobal Kazakhstan менеджерлік компаниясының кәсіпқой боксшысы Торғынбек Амиров.

Кездесуді мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Белгібаев Аслан Каненұлы ұйымдастырып өткізді. Әуел бастан спорт десе ішкен асын жерге қоятын мектептің оқушылары бұл кездесуді асыға күтті. Себебі спорттың қай түрі болмасын, алдарына жан салмайтын әрі қандай спорттық сайыс болса да үнемі жеңіспен оралатын оқушыларымыз үшін бұл кездесудің орны ерекше болды. Төтенше жағдайға байланысты қашықтан, яғни ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылған бұл кездесуге 5-11 сынып оқушыларының барлығы қатысты. Оқушылар «Сіз бұл спорт түріне кімге еліктеу арқылы және қалай келдіңіз?» деп бастап, көкейлерінде жүрген өздерін қызықтырған түрлі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын да алды.



Торғынбек Ғалымбекұлы өз сөзінде өмір жолындағы алғашқы ұстазы да, қолдаушысы да ата-анасы екенін айтып өтті Сонымен қатар осындай додаларға дайындап, ақыл-кеңестерін айтып, баптап жүрген ағалары Болат Жұмәділов, Марат Сейтмағанбетов, Дәмір Әбдіреш сынды ағаларына алғысы шексіз екенін айтып, Торғай жерінен шыққан атақты спортшы боксшы ағалары Алтынбай Болатов, Рүстем Шалабаев және басқа ағаларымен де мақтанып өтті. Торғынбектің алғашқы бәсекесі 10 жасында басталған. Одан бергі уақытта жалпы саны 318 додаға қатысып, оның 290 бәсекесінде жеңіске жеткен, ал сол уақыт аралықтарында Астана қаласында кәсіби шеберлігін шыңдаған көрінеді.

Бұл кездесудегі негізгі мақсатымыз – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудан бөлек, саламаттылыққа, мамандық таңдауға саналы түрде кірісу керектігін айтып әрі кездесуге келген Торғынбек Ғалымбекұлының жетістіктері арқылы алға қойған мақсатынан қайтпау керектігін үлгі ету. Жақсымен өткізген жарты сағат оқушыларға тәлімі мол тәрбие берді. Өйткені жас спортшы жастардың бос уақыттарында мәні жоқ дүниелермен айналысқанша, денсаулықтарын шыңдап, спортты жандарына серік етіп, саламатты болып өсуге кеңес берді.



Торғынбектің ендігі жаттығуы қаңтар айының 10 жұлдызынан оңтүстіктегі астанамыз Алматы қаласында жалғасуда. Торғынбекке бәсекелі сында тек ептілік пен жеңіс тілейміз. Кездесу соңында оқушыларымыз спортшы ағаларына алдағы уақытта тек жеңіс тұғырынан көрініп, қазақ елінің атағын асқақтата беруге тілектес екендіктерін айтты. Қазақ елінің намысын қорғап, жұдырықтай Торғай жерінің атағын асқақтатып жүрген жас спортшымызға сәттілік серік болсын деп тілейік.

Қадыргүл ӘЛІМҒАЗИНА,
М.Әуезов атындағы
№5 ЖОББМ директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.