Биік сенің мәртебең, рәміздерім!

Выпуск - №22(519)   :   06.06.2022
433

№27 жалпы білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты интеллектуалдық, шығармашылық сайыс өтті. 

Рәміз – тарих, мәдениет, сонымен қатар ұлттың ерекше менталитетімен нығайтылған мәліметтер жиынтығынан тұрады. Жалпы мемлекеттік рәміздер арқылы мемлекетті, оның ұстанған құндылықтарын, тәуелсіздікке қалай қол жеткізгендігі туралы білуге болады. Алдымен, рәміздер халықтарды ұлтқа біріктіріп, мемлекеттілік мән берді.

Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Яғни, қазіргі таңда ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің нағыз өзекті мәселелері экономика, саясат, қорғаныс саласымен емес, керісінше, ұлттың басты құндылығы болып табылатын ұлттық нышандармен тығыз байланысты.

Мемлекеттік рәміздер ұлттық бірегейліктің қалыптасу тірегі және әрбір мемлекеттің дамуының ажырамас бір бөлігі. Кез келген мемлекет өз елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы. Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуі тиіс. Бүкіл әлемде адамдар мемлекеттік рәміздерге халықтың бірлігінің белгісі ретінде қарайды. Жалпықазақстандық құндылықтарды – бірлік пен татулықты, келісімді нығайту, сондай-ақ мектеп жасындағы балалар арасында толеранттылық идеяларын ілгерілету, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету және дамыту қазіргі уақытта орта білім беру ошақтарының берік ұстанымына айналған.

Жастардың еліміздің тарихына деген қызығушылығын арттыру, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіріп, Отанының рәміздерін, жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында Қазақстан тарихы пәнінен №27 ЖББМ 5-6 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» тақырыбында интеллектуалдық, шығармашылық сайыс өтті. Байқау қатысушыларына мемлекеттік рәміздерге деген өздерінің көзқарастарын шығармашылық түрде білдіру ұсынылды.

Сайыстың алғашқы кезеңі топтардың өзін таныстыруымен басталып, тақырып бойынша әр топ атауы мен мазмұнын аша отырып, командасын қорғады. Екінші кезең шығармашылық сайысқа арналды, атап айтқанда қатысушылар «Әдеби шығармадағы ҚР-ның рәміздері» номинациясына қазақстандық авторлардың шығармаларын жатқа орындады. Үшінші және төртінші кезеңдерде ежелгі Қазақстан тарихы, ұлттық рәміздер және Қазақстанның жетістіктері бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ «Ойлы болсаң озып көр» сайысы өте тартысты өтті. Бұл кезеңде оқушылар Отан туралы мақал-мәтелдерді айтып жарысты. Бесінші «Сөз тапқанға» кезеңі оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігіне негізделді.

Өзбектің ойшыл ақыны Әлішер Науаи: «Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді. Ал адам салиқалы, сапалы сөзімен мәнді», – деп көрсетеді. Тылсым табиғаттың адам баласына сыйлаған ең бір бағалы да құнды байлығы – тіл. «Ана тілі – дара тіл» дегендей, келесі кезек шешендік кезеңге берілді. Шарты: 5 минут ішінде «Мен қандай мемлекетте өмір сүргім келеді?» деген тақырыпта эссе жазып, өз мемлекетіне 4 жол өлең шумақтарын арнау. Байқау нәтижесінде 5 «А» сынып оқушыларынан құралған «Елтаңба» тобы 1-орынды иеленсе, 6 «Ә» сыныбының «Ту» тобы 2-орынға жайғасты, ал 5 «Ә» сыныбының «Әнұран» тобы 3-орын алды. Сонымен бірге белсенді оқушылар арнайы номинациямен марапатталды.

Айгүл МИНАСОВА

Еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болуы тиіс. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып, өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.

Айгүл МИНАСОВА,
№27 ЖББМ тарих
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.