Әлемді жаулаған індет барша халықты есенгіретті. Қазіргі жағдайда мүмкіндігінше мемлекет тарапынан айтылып жатқан барлық талаптар мен ескертулерді қатаң ұстануымыз қажет. Бұл – үлкен жаһандық мәселе.

Сондықтан да өз бетімізше әрекет етпей, Үкіметтің үндеуіне құлақ түріп, өзіміздің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарағанымыз абзал. Соңғы жағдайларға байланысты білім беру жүйесінде де бірқатар өзгерістер орын алғаны баршаға мәлім. Енді үйден шықпай-ақ түрлі бағдарламалар мен қосымшалар арқылы байланысқа шығып, жұмыс істейтіндер жұмысын, білім алушылар оқуын жалғастыра алады. Сондықтан да мемлекеттік және өзге де Тілдерді оқыту орталықтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Республикамыздың барлық Тілдерді дамыту басқармалары онлайн режімде жұмыстарын жалғастыруда.
Сәуір айының алғашқы күні #Бізбіргеміз акциясы аясында Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Қашықтан оқытудың тиімді жолдары» атты онлайн форматта әдістемелік отырыс өткізді. Әдістемелік отырыс барысында Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Зарлыққызы Орталық мамандарына еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жөнінде нұсқаулық беріп өтті. Орталық басшысы Ж.Ербатырова қашықтан оқытудың тиімді жолдары туралы баяндады. Орталық оқытушылары А.Міркемелова мен Н.Крикпенова Zoom платформасы бойынша панорамалық сабақ үлгілерін көрсетті.
Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен мұғалімдері жоғарда аталған қосымшаны пайдалануды бастап кетті және үстіміздегі айдың 4-жұлдызында Орталық мұғалімдері Дана Әлтанова мен Арай Ниязова аталған қосымшамен жұмыс істеудің оңтайлы жолдарын көрсету мақсатында ұжым арасында сабақ өткізді. Алайда Atameken Business саласындағы мамандардың айтуынша, Zoom топтық бейнебайланыс бағдарламасы қазақстандықтар үшін қауіп төндіруі мүмкін. Вирустық инфекция басталғалы әлем бойынша аталмыш қосымшаның танымалдылығы артқан. Алайда пайдаланушылардың саны көбейген сайын бағдарламаның кем-кетігі де анықтала бастапты.
Zoom платформасының басты екі қаупі бар: біріншіден ол – компьютерді толығымен меңгерген, арам пиғылын жүзеге асырғысы келетін адамдардың Windows операциялық жүйесінің құпиясөзін ұрлауға мүмкіндік берсе, екіншіден бағдарламаны қолданушының рұқсатынсыз веб-видео және микрофонды іске қоса алады. Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда оқу процесін бұл бағдарламаның көмегінсіз жүргізу ұсынылып отыр. Яғни барлық Тілдерді оқыту орталықтарының мамандары да бұл қосымшаны пайдалануды дереу тоқтатты.
Дегенмен Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы оқу процесін міндетті түрде жалғастыратын болады. Skype, whatsapp, viber, instagram, вконтакте, facebook және басқа да материалдар жүктеуге мүмкіндік беретін желілер мен қосымшаларды пайдалана отырып, әрбір тыңдаушының өзі жақсы меңгерген, өзіне ыңғайлы болған қосымшасы арқылы жұмыс істейтін боламыз. Сондай-ақ Орталығымыздың ресми парақшаларында күнделікті викториналық сұрақ-жауаптар, қажет материалдар мен ақпараттар жарияланып отырады.
Осы тұста Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының білім алушыларының назарын мына бір ақпаратқа аударғым келіп отыр: үстіміздегі жылы сәуір айының алтысынан бастап Орталық мұғалімдері бұрынғы кесте бойынша сабақтарын онлайн форматта жалғасытыратын болады.
Жанна ДЖАМБУРЧИНА,
Қалалық тілдерді оқыту
орталығының басшысы,
Рудный қаласы
Областная образовательная газета «Учительская плюс» – это настоящая педагогическая копилка. В одном номере можно увидеть работу самых разных учителей со всей области, разные направления, почерпнуть ценный опыт. Можно, конечно, что-то и в соцсетях прочитать, но там надо искать, заходить к каждому на страничку отдельно, а газету открываешь – и всё костанайское образование перед тобой, вся наша учительская жизнь. Я с удовольствием рассказываю о своей работе, о своих методах, об успехах моих воспитанников. Газета помогает мне делиться своими идеями и вдохновляться работами коллег.
Думаю, что безо всякой агитации каждый учитель, воспитатель, психолог должен иметь газету «Учительская плюс». Как без неё узнавать, как работают ваши коллеги, что нового в методике преподавания, поделиться своим опытом?
В своё время, будучи завучем средней школы, я обобщала лучший опыт учителей своей школы, знакомила их опытом работы других, и вообще не представляю педагога без настольной газеты «Учительская плюс» и своего предметного журнала, откуда черпаешь все новинки методической работы.
Поэтому совет вам, дорогие молодые коллеги: не опоздайте выписать, не останьтесь без профессиональной помощи газеты «Учительская плюс»!