ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулысы жарияланды.

Тамыздың 25-і күні жарияланған қаулыға сәйкес ең басты жаңалық – 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының штаттық форматта оқуына рұқсат берілуі. Әрине білім ордаларында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қатаң талап етіледі. Педагогтер мен персоналдың 100% вакцинациялануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда), одан бөлек ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізу, маска режимін сақтау, рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз ету қадағалануы тиіс.
Білім беру мекемелеріне кірерде педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың дене қызуы қатаң өлшенуі қажет. Алайда бұқаралық іс-шараларды, яғни мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын өткізуге әлі де болса тыйым салынған. Одан бөлек мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге рұқсат етілмейді. Қаулыда зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау жағдайларында оқытуды ұйымдастыру керек екендігі көрсетілген.
Бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған студенттерді жатақханаға орналастыруға, дегенмен 18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі. Сондай-ақ еліміздің бас санитариялық дәрігері оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды тапсырған.
Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына: респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары); QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға; COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтер мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде орта білім беру ұйымдарының, колледждердің және жоғары оқу орындарының, интернаттардың және жатақханалардың жұмысына қойылатын талаптардың қатарында білім беру ұйымдарында: жауапты жұмыскерлер барлық педагогтерге, персонал мен білім алушыларға байланыссыз термометрмен дене қызуын өлшеу, қолды антисептикпен өңдеуді жүргізеді.
Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты бастауыш, орта және жоғары сыныптарда білім алушыларының барынша ажырауын қамтамасыз етуді ескере отырып белгіленеді;
2) зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда кабинеттік жүйе алып тасталады;
3) «бір сынып – бір кабинет» қағидаты сақталады;
4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
5) спорттық іс-шаралар таза ауада, жылдың салқын мезгілінде желдету және ылғалды жинау режимі сақтала отырып, спорт залдарында өткізіледі.
«Адал азамат» бағдарламасы: балабақшадағы тәлім-тәрбие
Тарих пен тағылым тоғысқан күн
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».