Білім күніне арналған тақырып сөресі

Выпуск - №№35(482)   :   11.09.2021
340

Жазғы демалыс аяқталғаннан кейін Білім күні – ұзақ күткен мерекелердің бірі. Осы мерекеден кейін, жаңа оқу жылы басталады. «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері «Сәлем, Білім күні!» атты тақырыптық сөресін ұйымдастырды.

Балабақша қызметкерлері ұйымдастырған тақырыптық сөре аясында кішкене бүлдіршіндердің назары Владимир Степановтың «Учебник для малышей» топтамасындағы «Сказочная азбука» кітабына түсті. Бастауыш сынып оқушыларына қызықты да тартымды кітаптармен қатар мектеп туралы көптеген тақпақтармен, әңгімелер де ұсынылды.

Ал жоғары сынып оқушылары ғылыми анықтамалық басылымдарға көбірек назар аударды. Олар «Энциклопедия школьника», «Детская энциклопедия Казахстана», «1100 интересных фактов» энциклопедиялық басылымдарына көбірек қызығушылық танытты. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Кітапханашы оқырманның сұраған кітабын тауып беруші ғана емес, көптеген маңызды жұмыстардың көшбасшысына айналды.

Бүгінгі заманға сай күнделікті ақпарат ағынын оқырманға жеткізуші, кітапхананың бай қорын сақтаушы, насихаттаушы, түрлі іс-шаралар мен әдеби кештерді ұйымдастырушы, Қазақстанда ресми түрде бекітілген атаулы күндер мен белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың мерей тойларына арналып тақырыптық көрмелер ұйымдастырушы, әр оқырманның талап-тілегіне сай бағыт-бағдар беруші, кітап пен кітапхананы, ұлттық құндылықтар мен оқырман арасын жалғастырушы да – кітапханашылар. Жалпы мұндай бағыттағы іс-шаралар оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатын көздейді. Кітапхана қызметінің басты мақсаты да осы емес пе.


Эльмира МИРЗАЛИЕВА,
«Дорожный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.