Бүгінгі күннің батыры

Выпуск - №3(600)   :   26.01.2024
658

Арқалық қаласындағы Восточный жалпы білім беретін мектебінде бүгінгі күннің батыры, біздің мақтанышымыз, полиция майоры, ауылымыздың учаскелік инспекторы Дархан Тургановпен кездесу өткізілді.

Дархан Бейсенбекұлы, сондай-ақ, мектебіміздің алғаш қазақ сыныптарынан түлеп ұшқан қарлығаштарының бірі. Кездесу арқылы мектеп оқушыларының бойына патриоттық сезімін оятып, елжанды әрі ел тағдыры үшін жауапкершіліктә сезіне білетін, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекетке қабілетті тұлға қалыптастыру көзделді. Іс-шарамыздың басты қонағын «бүгінгі күннің батыры» деуіміз бекер емес. Қаңтар айының 13-і күні жылқыларды іздеуге шығып, адасып кеткен көрші ауыл азаматының өмірін сақтап қалды. Ауа райының қолайсыздығына қарамай, қызметіне жауапкершілікпен кіріскен Дархан Бейсенбекұлының бұл ерлігі – полиция қызметкері ретінде жоғары кәсіби қабілеттілігін көрсетті.

Кездесуге кейіпкерімізге сабақ берген аяулы ұстаздары – зейнеткер Асылбай Жаңылсын Сейтенқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахимжанова Рыскул Дуанбековна шақырылды. Бұған дейін де бірнеше мәрте ерлік ісімен есте қалған Дархан Бейсенбекұлы оқушыларымызға үлгі боларлық әңгіме өрбітіп, сыр-сұхбат берді. Расымен де, оның ақпарат көздеріне жарияланбаған, елдің алғысын алуына себепші болған ерлік істері аз емес. Қанаты қатайып келе жатқан жастарға өнеге боларлық тұлға деп айта аламын.

Кездесу соңында Дархан Бейсенбекұлына мектебіміздің басшысы Ербосын Қожантайұлы өз атынан Алғыс хат табыстады. Кеш қонағы, өз кезегінде, оқушыларға жылы лебізін білдірді. Кездесуден әсерленіп шыққан оқушыларымыз да көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты. Кездесуге арнайы қатысып, тағылымды әңгіме өрбіткен бүгінгі күннің батырына еңбек жолында жаңа жетістіктерге жетіп, мәртебесінің арта беруін тілейміз.


Тәттігүл САДУАҚАС,
Восточный ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.