Даланың дауысы – домбыра

Выпуск - №25(522)   :   30.06.2022
1287

«Нағыз қазақ – домбыра», – деп Қадыр Мырза Әли айтқандай, қазақ халқы десе, ең алдымен еске түсетін атрибуттың бірі – домбыра екені анық. Шілде айының алғашқы жексенбісінде Домбыра күнін ел болып, кең көлемде атап өту – елдігіміздің белгісі.

Шекті аспаптардың ішіндегі ең көнелерінің бірі – домбыра. Домбыра болсын, жалпы шекті аспаптардың жасалуына садақтың құрылымы әсер еткен деген пікірлер бекер емес. Қазақ қазақ болғалы бірге жасасып келе жатқан көне саз аспабы саналатын домбыра – қазақтың қуаныш пен қайғысын бөлісетін, мұңдасар, сырласар жан серігі болып келген және солай болып қала бермек. Үш әлемді байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен.


Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге домбыраның да күні туғаны анық. Ұлттық аспабымыз бұған әбден лайық. Арқалық қаласында Домбыра күніне орай қазақтың қара домыбарасының құлағында ойнайтын домбырашыларымыз үлкен дайындық үстінде. Күйшілерімізге бес күйді орындау мүмкіндігі берілді. Шілде айының 2-сі күні болады деп белгіленіп отырған Домбыра күнінде күйшілерімізді төрге шығармақпыз. Жалпы күй өнері – ұрпақ арасындағы сабақтастықтың алтын арқауы ретіндегі уақытаралық қатынастың басты құралы. Домбыра әрдайым ұлтымыздың жүрегінде болғай.


Гүлдана АЛМАҒАМБЕТ,
«Гүлдер» б/б әдіскері,
Арқалық қаласы,
Ашутасты ауылы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.