Арқалық политехникалық колледжінде бірінші курс білім алушыларының қатысуымен экстремизм мен терроризмнің әлеуметтік зияны мен қаупін түсіндіру және оның алдын алу мақсатында Қостанай облысы мешіттерінің имамдарымен рухани кездесу өткізілді.

Жастарға діни тәрбие бере отырып, оларды адамгершілікке, имандылыққа, рухани жан тазалығын сақтауға баулуды көздеген кездесудің қадірлі қонақтары Рудный қаласындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы, Лисаковск қаласы мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы, Қостанай қаласы мешітінің наиб имамы Мейіржан Қапарұлы және қаламыздағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бақтыбай Асанұлы арнайы келді. Құрметті қонақтар білім алушыларға жастар арасындағы өршіп тұрған қоғам кеселдері жайлы айтып, қасиетті Құран сүрелерінен аяттарды мысал ете отырып, оларды ынтымақ пен бірлікке шақырды.
Рухани жетекшілер студенттерге ислам дінінің адамзатты ынтымаққа, өзара түсіністікке, бір-біріне деген сүйіспеншілікке бастайтындығын, сондай-ақ, Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің басым бөлігі бірлік пен бауырмалдыққа шақыратындығын айтып, кеңінен түсіндіріп берді. Кездесу барысында Мейіржан Қапарұлы жастардың әлеуметтік желілерден қажетсіз ақпараттарды, тәрбиелік мағынасы жоқ бейнематериалдарды көруге бар уақытын арнағанша, бос уақытын тиімді жоспарлап, оны әдеби кітаптар оқып, білім алуға арнауға және ата-аналарына қызмет етуді мақсат етулері керек екендігін қоғамдағы оқиғаларды мысалға ала отырып, түсіндіріп берді.
Кездесу соңында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Ахметова қонақтарымызға тағылымы мол, рухани азық алатын ғибратты кездесу өткізгені үшін алғыс айтып, колледж директорының атынан Алғыс хатпен марапаттады.
Қаракөз СЕЙДАЛЫ,
Арқалық политехникалық
колледжінің арнайы
пәндер оқытушысы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.