Қостанай қаласының Гашек көшесінің бойында орналасқан «Бокс мектебінде» Брзилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы гимназиаданың жеңімпазы атанған жас боксшымыз Айдос Усеновты қарсы алдық.

Айдос біздің Абай атындағы мектептің 9 «Б» сыныбын былтыр тәмамдап, биыл 10-сыныпқа көшті. Жас чемпионның ата-анасы Солтүстік Қазақстаннан көшіп келген. Бұндай қадамға баруының себебі де ұлының спортпен айналысуына жағдай жасау екен. Оңтүстік Америка құрлығына барып, еліміздің намысын асқақтатып келген шәкіртімізді қарсы алуға мектеп әкімшілігі атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде өзім және сынып жетекшісі Айнұр Оразханқызы барды.
«Бокс мектебі» жас боксшы чемпионымызды қарсы алуға жақсы дайындалған екен. Онда Қостанай облыстық мәслихаттың депутаттары Ещанов Сайлаубек Ерғазыұлы, Оспанов Қайрат Бахитжанұлы, Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Тапенов Марат Есқалиұлы, спорт бөлімінің басшысы Курманов Адият Мендібайұлы және Солтүстік Қазақстаннан арнайы келген атасы Бейсенбай Усенов пен әжесі Насипа Тажиқызы, анасы мен әкесі, сонымен қатар туған бауырлары да болды.
Жас боксшының жаттықтырушысы Жанат Батырұлы деген азамат екен. Мерекелік іс-шарада шашу шашылды, қазақтың қара домбырасында күй шертіліп, жиналған тілекші қауым жас спортшыға ізгі лебіздерін жаудырып, мақтан тұтатынын жеткізді. Чемпионға бағалы сыйлықтар да табыс етілді. Мектебіміздің шәкірті, жас чемпион атанған Айдосымыздың жұлдызы жарқырай беруін тілейміз! Жарайсың, Айдос!
Жасұлан БЕКЕНТАЕВ,
Абай атындағы мектеп
директорының
оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.