Экологиялық акция: бір тал кессең...

Выпуск - №18(666)   :   16.05.2025
625

image

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Болашақты бірге егеміз» атты бүкілқазақстандық экологиялық акция өтті. Бұл іс-шара елдің әр аймағында қолдау тауып, табиғатты қорғау мен болашақ ұрпақ үшін жасыл желек қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналды.

М.Сералин атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстаздары, оқушылары мен ата-аналары да бұл игі бастамаға бір кісідей атсалысты. Акция аясында мектеп аумағында ауқымды ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Игі іс-шараға құрметті қонақтар шақырылды. Олардың арасында – еңбек ардагері, Венгр оқиғасының қатысушы В.Мандров, лагерь тұтқыны Т.Боичук, Қарабалық ауданының құрметті азаматы А.Хорьков, сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрайымы С.Кабулова бар. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 80 түп қарағай көшеті отырғызылып, соғыс батырларына арналған шексіз құрметтің белгісіне айналды.
Акция аясында мектептің 11-сынып түлектері ата-аналарымен бірлесе отырып «Түлектер аллеясын» отырғызды. Бұл – олардың білім ордасына деген ризашылығы әрі болашақ ұрпаққа үлгі ретінде қалдырған ерекше сыйы. Айрықша атап өтер сәт – ардақты зейнеткер ұстаз Мәдина Абилова өзінің немересі, 11-сынып оқушысы Мейрамбек Амангелдімен бірге ағаш отырғызды. Бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық құндылықтардың көрінісі. Осылайша, бұл акция – ағаш отырғызу шарасы емес, ұрпақтар арасындағы байланыс, елге деген сүйіспеншілік пен туған жерге жанашырлықтың жарқын үлгісі болды.

Айгерим АХМЕТОВА,
М.Сералин атындағы ЖББМ
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Қарабалық ауданы

image

Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Жас түлектер ерте көктемде жылдағы дәстүр бойынша мектеп ауласына ағаш отырғызуға мұрындық болды. Мектепте биылғы оқу жылында ұшқалы тұрған шәкірттер, атап айтқанда 11 «А» және 11 «Б» сыныбының бітіруші түлектері, сынып жетекшілері Сүйінбай Арғынғазыұлы мен Гүлмира Темірғалиқызының ұйымдастыруымен ізгі іс-шараға қатысты.
Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындыру парыз. Қара шаңырақ мектебіміздің тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, ауылымыздың ажарлы болуына үлес қосу – азаматтық парызымыз.
«Бабалар еккен шынарды балалары саялайды» демекші, отырғызған жасыл желектеріміз тез жерсініп, жас шәкірттеріміз мақтанышпен айта жүріп, саясында емін-еркін асыр салып ойнауы біз үшін үлкен қуаныш. Ағаштарды егіп қана қоймай, енді олар стандартты жағдайға жеткенге дейін күтім, қорғау жұмыстарын орындап отыруымыз қажет.

Батырхан КАРАШИНОВ,
№10 ЖББМ тарих және география
пәндерінің мұғалімі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.