Экологиялық мәдениет – болашаққа бастар бағдар

Выпуск - №18(714)   :   08.05.2026
465

Экологиялық мәдениет болашаққа бастар бағдар (1)

Амангелді ауданының Жасбуын жалпы білім беретін мектебінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Экологиялық мәдениет қалыптастырудағы тиімді тәжірибелер мен инновациялық тәсілдер» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.

Экологиялық мәдениет болашаққа бастар бағдар (3)

Тағылымды жиынның негізгі мақсаты – жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы озық тәжірибелерді насихаттау. Семинардың ашылу рәсімі ерекше форматта өтті. Оқушылар Жер-Ана мен адамзат арасындағы байланысқа құрылған әсерлі сахналық көрініс ұсынып, табиғатты қорғаудың маңызын көркем түрде жеткізді. Іс-шара аясында «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі Жұлдыз Ихсанқызының жетекшілігімен оқушылар тәжірибе алаңында бау-бақша егу әдістерін көрсетіп, көгалдандыру жұмыстары бойынша өзінің тәжірибелерімен бөлісті. Ата-аналардың да белсенді қатысуы жиынның мазмұнын байыта түсті. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Төлепберген Шарафидденұлы ұйымдастырған шеберлік сағатында жас экологтар ата-аналарымен бірге құс ұясын жасап, табиғатқа қамқорлықтың үлгісін көрсетті.

Экологиялық мәдениет болашаққа бастар бағдар (2)


– Мұндай жұмыстар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырады. Табиғатты аялау – әр отбасының тәрбиесінен басталуы тиіс. Бұл семинар аясында қонақтарға мектептегі экология бұрышы таныстырылып, оқушылардың табиғатты қорғауға бағытталған жобалары мен еңбектері ұсынылды. Сондай-ақ Айнаш Темірханқызы «Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізіп, оқушыларға табиғатқа жанашырлық танытудың маңызын түсіндірді, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Мақпал Мұхамбетова.
Ал Гүлнар Асанқызы ұйымдастырған ашық сабақ семинар жұмысының мазмұнын толықтыра түсті. Жиынның тәжірибелік бөлігінде қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ауласына жасыл желек отырғызды. Бұл игі бастама қоршаған ортаны қорғау бағытындағы нақты істердің бірі болды. «Экологиялық мәдениет – тек білім беру жүйесінің емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті. Осындай шаралар арқылы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, болашаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейміз», – дейді Гүлнар Асанқызы. Семинардан соң педагогтер мен қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, экологиялық тәрбие берудегі тиімді тәсілдер талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасудың маңызына тоқталып, мұндай іс-шаралардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор екенін атап өтті.

Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.