«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында «Западный» кітапхана-филиалында КИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің студенттеріне арналған «Ел жадында жатталатын 100 есім» атты табыс формуласы өтті.
Аталмыш шараға қонақ ретінде жоба жеңімпазы, Қостанай қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы, полиция аға лейтенанты Амантай Байжанов шақырылды. Іс- шара барысында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы туралы қысқаша ақпарат ұсынылып, жобаға қатысушылар туралы бейнеролик көрсетіліп, қонағымыз Амантай Байжановпен сұхбат жүргізілді.
Кеш қонағы еңбек жолы мен жеткен жетістіктеріне тоқталып, жастарға ізгі тілегін жеткізді. Студенттер Амантай Қайратұлының марапаттарына шолу жасап, Қостанай облысындағы басқа да жеңімпаздар туралы мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар ұсынылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі – туған жеріміздің жарқын сәулесі» атты тақырыптық сөремен танысты. Шара соңында қонаққа алғыс білдіріліп, кітапхана атынан кішігірім сыйлық табыс етілді.
Динара ТУГЕЛОВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!