Елдікті сақтау – тілден басталады

Выпуск - №35(731)   :   11.09.2026
200

2

Рудный қаласының мемлекеттік тілдегі кітапханасында Қазақстан халқының тілдер күніне орай Д.Карбышев атындағы №14 мектептің 6–7-сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл сақталса – ұлт сақталады» атты зияткерлік ойын өтті.

Жас ұрпақтың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, сөздік қорын байыту, ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру және тапқырлығын дамытуды көздеген жиын барысында қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық жолы кеңінен сөз болды. «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген ұлт ұстазының ұлағатты сөзі оқушылардың санасына ой салды.

1


Артынша зияткерлік сайысқа қатысқан оқушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтар шешті, жаңа сөздер құрады, синоним-антонимдерді табу тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар түрлі тілде амандасу үлгілерін көрсетіп, өз білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Сондай-ақ «Тіл сақталса – ұлт сақталады» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалып, ана тіліміздің бай тарихынан сыр шертетін бағалы еңбектер таныстырылды.
Кездесу соңында оқушылар ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. Бұл ойын оларға ана тілін құрметтеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін тереңірек ұғындырды. Белсенділік танытқан қатысушыларға жылы лебіздер білдіріліп, естелік сыйлықтар табысталды.

Нұрсәуле ТӨЛЕГЕНОВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың қызметкері,
Рудный қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.