Мектеп қабырғасындағы психологиялық ахуал мен оқушылар арасындағы өзара түсіністік мәселесі – аса өзекті тақырыптардың бірі. Осы бағытта екі жылдан бері ғылыми жетекшім әрі мектебіміздің психологы Гүлмира Умуртаеваның бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Үнсіз қалма!» жобасы аясында жұмыс істеп келемін. Жақында Психологиялық қолдау мен тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры, білікті маман Елена ПЕТРЕНКОМЕН әңгімелесіп, буллингтің себептері мен оны шешудің тиімді жолдарын және «ДосболLIKE» бағдарламасының тәрбиелік маңызын тереңірек түсіну мүмкіндігін алдым.
– Елена Александровна, сіздің ойыңызша, мектептегі буллингтің негізгі себептері қандай?
– Буллинг – жаңа құбылыс емес, ол бұрыннан бар көпқабатты мәселе. Оның басты себептерінің бірі – балалардың өз эмоцияларын түсініп, бақылауды біле бермеуі. Кейбір мектептерде өзара құрмет мәдениетінің жеткіліксіздігі байқалады, ата-аналар тарапынан бала өміріне көңіл бөлу, араласу деңгейі төмен. Мектеп ұжымы мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін нақты көрсетіп, жылы әрі қауіпсіз орта қалыптастыра алса, буллингтің алдын алу әлдеқайда тиімді болар еді.
– «ДосболLIKE» бағдарламасы буллингтің алдын алуға қалай көмектеседі?
– Бұл бағдарлама тек профилактикалық емес, сонымен қатар терең тәрбиелік сипатқа ие. Ол балалар арасында достықты, өзара көмек пен түсіністік сезімін нығайтуға бағытталған. Бағдарлама эмоционалдық интеллектіні дамыта отырып, әр адамды бар болмысымен қабылдауға және өзгеге құрметпен қарауға үйретеді. Негізгі ұстанымы: «Біз әртүрліміз, бірақ бір командамыз!»
– Бағдарламаның нәтижесінде оқушылар арасындағы қарым-қатынаста қандай өзгерістер болуы мүмкін деп ойлайсыз?
– Біз балалар бір-бірін жақсырақ түсініп, жиі қарым-қатынас жасайды деп үміттенеміз. Олар бірге әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізіп, өз эмоцияларын тануға және оларды қауіпсіз түрде білдіруге үйренеді. Өзін түсінетін бала – өзгені де түсініп, құрметтей алады. Ал құрмет бар жерде буллингке орын жоқ.
– Буллингтің алдын алу үшін ата-аналар мен мұғалімдер не істеуі керек?
– Ең бастысы – балалардың өміріне белсенді араласу. Ата-аналар баласынан: «Бүгін сені не қуантты?», «Не нәрсе ренжітті?» деп жиі сұрап отыруы қажет. Бірақ жай ғана әңгіме емес, ең маңыздысы – өз ісімен балаға үлгі болу. Өйткені бала естігенін емес, көргенін қайталайды. Ал мұғалімдер қауіпсіз әрі сенімді білім беру ортасын қалыптастыра білуі қажет. Әр оқушы өзін тыңдайтынын, қажет болса көмек сұрай алатынын сезінуі керек. Яғни, бәрі де «Біздің мектепте буллингке жол жоқ!» дегенді анық түсінуі қажет.
– «ДосболLIKE» бағдарламасын әрі қарай дамыту қажет пе?
– Әрине, қажет. Бүгінгі балалар – цифрлық дәуірдің ұрпағы. Сондықтан бағдарлама заман талабына сай жаңарып, киберқауіпсіздік, медиасауаттылық және интернеттегі этикалық мінез-құлық мәдениеті сияқты тақырыптарды қамтуы керек. Бағдарлама уақытпен бірге дамымаса, ол жаңа буынға қызықсыз болып қалуы мүмкін.
P.S. Бұл сұхбат мен үшін маңызды тәжірибе болды. Елена Петренкомен әңгіме барысында буллингтің терең себептерін, эмоцияларды басқарудың маңыздылығын және өзара құрметтің қажеттілігін түсіндім. Ол маған «үнсіз қалмау» – жай сөз емес, нақты әрекет екенін көрсетті. Сол арқылы жұмысымның мәнін тереңірек аша түстім.
Ақерке ҚАБИМОЛЛА,
Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-
гимназия-интернатының
9 «А» сынып оқушысы,
Қостанай қаласы
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».