Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

Выпуск - №000(000)   :   01.08.2025
655

700-1

Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елді мекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ол қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға, балалардың оқу мен тәрбиесіне жайлы жағдай жасауға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жеті негізгі бағытты қамтиды.

Осы жұмыстар аясында 2025 жылы 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді. Бұл шамамен 300 мың балаға заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді.
– Мемлекет жыл сайын білім беру инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Мектеп кітапханаларын жаңғырту аясында автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізілуде, коворкинг-аймақтар ашылып, күрделі жөндеу жүргізіледі, жиһаздар жаңартылуда, – деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
Мектептерде кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізілуде, ал 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды. 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады.
Кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінуде: тек 2024 жылы 1775 мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 2025 жылы оқу жалғасады. Бұл – мектеп кітапханаларын балалар үшін шынайы білім мен қарым-қатынас орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің
баспасөз қызметі

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.