Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы болса, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл. Осы тұста Рудный қаласындағы №19 орта мектепте мақала тақырыбымен аттас кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге қаламыздың Ауған соғысының жауынгер-интернационалистері Т.Амантаев, Т.Шалекеев, Н.Смирнов, В.Матвиенко, О.Семякин арнайы шақырылып, оған мектебіміздің жоғары сынып оқушылары қатысты. Қонақтарымыздың әрқайсысы сол зұлмат жылдардағы бастан кешкен оқиғалары мен соғыстың қасіреті жайлы сөз қозғады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс бүкіл адамзат үшін маңызды. Ол бар әлемге бейбіт өмір сыйлады, бірақ 44 жылдан соң тағы бір әскери қақтығыс басталды. Ол – Ауған соғысы. Ондағы азамат соғысының себебі – АҚШ пен КСРО-ның Ауғанстанның ішкі ісіне араласуымен басталды. Бұл соғыстан 15 мың жас қыршын шейіт болып, мыңдаған жастар мүгедек болып қалды. Соғыстың шынайы көрінісін сол жерде болып, ондағы барлық оқиғаны басынан кешірген жандардан артық ешкім баяндап бере алмас. Осы мақсатта өткен кездесу алдында ардагерлер мектебімізде ашылған «Өмір жолы» мұражайында болып, естелік кітапшаға тілек-ниеттерін қалдырды.
Кездесу басында дарынды оқушылардың қала тұрғындарынан алған сауалнама негізіндегі бейнежазба тақырыпқа арқау болды. Мектеп директоры Г.Смағұлова кездесудің мақсаты мен міндетін оқушыларға түсіндіре келе, оларға шараның маңызын айтты. Оқушылар қонақтарға әңгіме барысында толғандырған сұрақтарын қазақ және орыс тілінде қойып, ардагерлерден тұшымды әрі толық жауаптарын алып, мән-жайға қанық болды. Артынша жиынға қатысқан жоғарғы сынып оқушыларының автоматты бұзып, қайта жинауды белгіленген уақытта орындауы және «Жас Ұлан» тобының сап түзеуі қонақтарымызды тәнті қылды.
Ардагерлер ризашылықтарын білдіріп, оқушыларға білім жолында биік белестерді бағындыруын және шығармашылық табыс тіледі. Кездесу соңында қонақтарға мектеп директорының Алғыс хаттары табысталды. Жаңаша форматта өткізілген басқосудың танымдық жағы мол болды. Мұндай жиынның оқушыларға да берері мол: олардың бойында азаматтық және өмірлік позициясы, Отан алдындағы ел қорғау қажеттігін ойлауды қалыптастыра отырып, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.
Ғ.Саналиев,
№19 ОМ тарих пәнінің
жоғары санатты мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.