Ерлікпен өткен жылдар жаңғырығы

Выпуск - №8(656)   :   28.02.2025
459

1

Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапханада Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету мақсатында «Ауғандық жауынгерлерге тағзым» атты тарихи кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагерлері Бекболат Маговьявич Есмаков пен Ғалымхан Жакияұлы Асқаров №13 жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушыларымен кездесті. Кітапханашы оқушыларға Ауған соғысы туралы мағлұмат беріп, кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу жасады. Өнегелі жиында тарихи деректер негізінде дайындалған бейнеролик көрсетіліп, ардагерлер сол бір зұлмат кезеңнің оқиғаларын баяндап, өз естеліктерімен бөлісті.
Тарих – өткеннің белгісі, келешектің бағдаршамы. Ауған соғысы – кеңес дәуірінің қаралы беттерінің бірі. Ол 1979 жылғы желтоқсанның 25-інде басталып, 1989 жылғы ақпанның 15-інде аяқталды. Жалпы, 9 жыл 10 айға созылған Ауған соғысы мыңдаған адамның тағдырын өзгертіп, сансыз отбасыға қайғы-қасірет әкелді. «Өткенін ескермеген өшеді, / Өткенін қастерлеген өседі», – дейді дана халқымыз. Жас ұрпақ үшін тарихтан тағылым алу – басты міндет. Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгер жерлестерімізді еске алып, рухына тағзым ету – біздің перзенттік борышымыз.
Бүгінде ерліктің даңқын асқақтатып, азаматтық тұлғасын танытып жүрген ардагер ағаларымыз қашанда мадақ пен марапатқа лайық жандар. Қазақтың даңқты жауынгер жазушысы Бауыржан Момышұлы: «Айбындылық аспаннан түспейді», – деген екен. Сондықтан, Ауған соғысының ардагерлерін қадірлеп, құрмет көрсетіп, олардың ерлігін ұмытпағанымыз абзал.

Жаңагүл ҮРГЕНІШБАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхана кітапханашысы,
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.