Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Ерлікпен пара-пар әрекет

Выпуск - №47(393)   :   08.12.2019
316

Лисаков қаласындағы мектеп оқушылары арасында «Jas Otan» ЖҚ Лисаков филиалының қаржылай қолдауымен «Ерікті болу керемет!» атты үгіт бригадаларының сайысы өтті.

Жасөспірімдер арасында еріктілікті дамыту мақсатындағы байқауға қала мектептерінің отрядтары қатысты. Атап өтер болсақ: «Асар» (Октябрь ОМ), «Лицейдің ыстық жүректері» (Лицей мектебі), «Ритм» (№1 мектеп), «Еріктілер тобы» (№4 мектеп), «Жас ұрпақ» (№3 мектеп), «Қол ұстас» (№6 мектеп) және «Жақсы» (мектеп-гимназия). Әр отряд «Үгіт бригадасы» және «Әлеуметтік бейне» аталымдары бойынша бақ сынасты.

«Әлеуметтік бейне» аталымында қатысушы топтар оқушыларды волонтерлық жұмысқа ат салысуға шақырды. Ал «Үгіт бригадасы» аталымында командалар «Ерікті болу керемет!» еріктілер қозғалысын насихаттау тақырыбын жан-жақты аша түсті. Әр бөлімде қатысушылардың барлығында бірыңғай киім, сондай-ақ, науқанға арналған арнайы плакаттар болды. Үгіт-насихат бригадаларының сөз сөйлеуі Лисаков қаласындағы «Жас Ұландықтар» арасында мектеп еріктілерінің үлкен перспективаларын көрсетті. Сайыс барысында әділ қазылар алқасы отрядтардың жұмысының ерекшелігіне тоқталып өтті.

Байқау нәтижесі бойынша Октябрь орта мектебі (жетекшісі – Ж.Алдамжарова) 1-орынды иеленді, №6 орта мектеп (жетекшісі – Г.Короткова) 2-орынға ие болды, ал №4 орта мектеп (жетекшісі – Е.Теканова) 3-тұғырға тұрақтады. Командалар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


Дыбыс БАЛАБИЕВА,
Лидия ЧИКИШЕВА,
Балалар және жасөспірімдердің
шығармашылық орталығы
әдістемелік және мәдени-бұқаралық
бөлім меңгерушілері,
Лисаков қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.