Қазанның алғашқы жексенбісіндегі Мұғалімдер күніне орай әр өңірінде ұстаздар қауымының қажырлы еңбегіне құрмет көрсетіледі. Биыл да дәстүр жалғасын тауып, облыстың үздік мұғалімдерін марапаттау шарасы өтті.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың педагогикалық еңбек ардагері Сабира Кайрованың кеуде тұсына «Еңбек ардагері» медалін тағу сәті
Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда мұғалімнің еңбегі зор. Мұғалімдер күніне орай жер-жерде арнайы шаралар ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы қошеметке бөленуде. Біздің облысыздың түкпір-түкпіріндегі үздік ұстаздардың басын қосқан салтанатты жиынға қатысқан Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын тілге тиек етіп, ұстаздық жолда жылдар бойы еңбек еткен ұстаздардың еңбегі әрдайым құрметке лайық екенін жеткізді.
Салтанатты шара барысында 7 ұстаз білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз етудегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Олар: И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беру мектебінің директоры Салтанат Максютова, Сарыкөл ауданындағы Урицкий мектеп-лицейінің директоры Елена Соколовская, Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Ибраева, Қостанай құрылыс колледжінің директоры Серікбай Қадыров, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кымысбике Кулесова, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің директоры Кусаин Каткенов, Рудный тау-кен технологиялық колледжінің директоры Кайсар Канешов.
«Еңбек ардагері» медалінің иегері Қарасу ЖББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі Габит Сарбасов
Кәсіптік қызметтегі жоғары жетістіктері үшін облысымыздың 10 педагогі облыс әкімі Архимед Бегежанұлының қолынан «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Олар: Денисов ауданы білім беру бөлімінің Красноармейка негізгі орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Ахметова, Әулиекөл ауданындағы Н.Островский атындағы Аманқарағай орта мектебінің директоры Людмила Войлошникова, педагогикалық еңбек ардагері Роза Тауманова, №2 Қамысты ЖББ мектебінің қазақ тілі мұғалімі Алма Искакова, Қарасу ЖББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі Габит Сарбасов, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «Балабақша-мектеп-интернат» Қостанай арнайы кешенінің мұғалім дефектологы Наталья Якупова, Меңдіқара ауданындағы Лесной НО мектебінің математика пәнінің мұғалімі Есенгелді Нұрахметов, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған Рудный арнайы мектебінің олигофренопедагогі Валентина Пшеницына, педагогикалық еңбек ардагері Сабира Кайрова, Қостанай педагогикалық колледжінің физика пәнінің оқытушысы Любовь Артюшина.
Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасына ие болған Алтыншаш Жанарбаева
Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасына ие болған Есентас Аленов
Ал өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі үлесі мен жетістіктері үшін Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасына 21 ұстаз ие болды. Олар: Алтынсарин ауданы білім беру бөлімінің Қарағайлы жалпы білім беру мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Кабдрахман Калиев, Әулиекөл ауданындағы Новоселов ЖББ мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Мария Сероус, Амангелді ауданына қарасты Қарынсалды НО мектебінің директоры Алтыншаш Жанарбаева, Денисов ауданындағы Глебов ЖББ мектебінің директоры Рахат Бужумов, Жангелдин ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Топаева, Жітіқара ауданының білім бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ботакоз Кальмухамбетова, Қамысты ауданының Бестөбе ЖББ мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Валентина Картабаева, Қарасу ауданының Қарамырза ЖББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлшат Тюлегенова, А.Құнанбаев атындағы Қарабалық ЖББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі Куляш Успанова, Қостанай ауданының білім бөлімінің бақылау-талдау жұмысы секторының меңгерушісі Гүлмаржан Тажикенова, Науырзым ауданының Жамбыл ЖББ мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камшат Мукашева, Меңдіқара ауданындағы Теңіз НО мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Галина Свирская, Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Айнаш Есентимирова, Федоров ауданының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ануар Бурлен, Арқалық қаласындағы Қызылжұлдыз НО мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Жүсіпбек, Қостанай қаласындағы №14 НЖББ мектебінің директоры Есентас Аленов, Қостанай қаласы білім бөлімі ақпараттық бөлімінің басшысы Еркебұлан Олжабаев, Қостанай қаласындағы №30 ЖББ мектебінің директоры Светлана Белоусова, Қостанай қаласындағы №17 ЖББ мектебінің директоры Канзада Шинбулатова, Лисаков қаласының Октябрь ЖББ мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Ирина Пастухова, Рудный қаласындағы №19 ЖББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марат Айткужин.
«Мұғалім ісі – сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ең ұлы істің бірі» дейді халық даналығы. Ахмет Байтұрсынов: «Мұғалім – мектептің жүрегі. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабары бар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз», – деп атап өткен. Сондықтан да білім ордасының абыройын асқақтатып, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында өлшеусіз үлесін қосып жүрген ұстаздарымыз қашан да құрметке лайық. Салтанатты шара соңында ұстаздарға шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жамал ШАУКЕН
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.