Жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттау және ғасыр дертіне айналған есірткі мәселесінің алдын алу мақсатында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Есірткі – апатқа апарар есік» атты ауқымды іс-шара өтті.
Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өткен кездесу дәстүрлі баяндама түрінде емес, психологиялық эксперименттер мен ашық диалогқа негізделген «шоқ терапиясы» форматында өтті. Жиынға арнайы шақырылған Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Бектемір Шалқар жастармен бетпе-бет жүздесіп, қатерлі дерттің зардаптарын кәсіби тұрғыда талдап берді.
Жиын адамдардың шынайы тағдыры мен есірткінің миды қалай зақымдайтынын көрсеткен «Таңдаудың құны» бейнеролигін тамашалаудан басталып, аудиторияға үлкен ой салды. Әсіресе, «Көрінбейтін тор» психологиялық эксперименті көпшіліктің есінде ұзақ сақталары анық. Ортаға шыққан студентті жіппен орау арқылы тәуелділіктің адам ерік-жігерін қалай тұншықтыратыны көрнекі түрде бейнеленді. Ал жіпке шырмалған жастың одан өз бетінше босап шыға алмауы – есірткіге бастар алғашқы қадамнан сақтану керектігін ұғындырды. «Тәуелділік шеңбері» ойыны барысында студенттер есірткі ұсынылған жағдайларда «ЖОҚ» деп нық айтуды және айналаның психологиялық қысымына төтеп беруді үйренді.
Іс-шара аясында қазіргі заманның басты қаупі – киберқылмыс және «курьерлер» мәселесі де назардан тыс қалмады. Смартфондағы Telegram чаттар мен әлеуметтік желілердегі «оңай ақша» ұсынатын жарнамалардың астарында есірткі саудасы тұрғаны нақты деректермен түсіндіріліп, бұл «жұмыстың» соңы өмірдің ең қымбат шағын 10 жылдан 20 жылға дейін темір тордың артында өткізумен аяқталатыны қатаң ескертілді. Іс-шараның ең әсерлі сәті – «Мен өмірді таңдаймын!» деген ұранмен өткен қорытынды флешмоб болды. Залды толтырған студенттер телефондарының шамын жағып, есірткісіз болашақ үшін бірге екендіктерін білдірді. Бұл жарық – жастардың таза жолды, білім мен жарқын өмірді таңдағанының айқын символы іспетті.
Эльмира ЕЛЬКЕЕВА,
Л.Н. Толстой атындағы
Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасының
абонементтер бөлімінің
тіркеу, бақылау және жаңа
әдебиеттер секторының кітапханашысы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!