«Ғасырдың аңыз тұлғасы – Абай»

Выпуск - №46(442)   :   19.11.2020
263

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Южный» кітапхана-филиалында мақала тақырыбымен аттас семинар қашықтан өтті. Шараны Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырды.

Ақынның өнегелі өмірін, даналығын, рухани асыл мұраларын, өлеңдері мен жырларын насихаттау мақсатында өткен семинарда «Абай мұрасының сыры» атты дәстүрлі емес «сөйлейтін» көрмені ұсындық. Ол «Дала данышпаны», «Абай дауысы – уақыт тынысы», «Өшпес өсиеттер», «Әндер дыбысы және күй үндері», «Абайтану әліппесі» бөлімдерінен тұрды. Көрмеде кітапхана қорынан жинақталған Абайдың еңбектері және Абай туралы жазылған зерттеулер, шығармалар, аудармалар қойылды. Семинар барысында көрмеден бөлек қазақ және орыс тілдерінде баяндамалар оқылды.
Мәселен «Жаһанның масштабтық шамасы» баяндамасын Шолпан Елегенқызы қазақ тілінде, ал Гүлнар Балтабайқызы орыс тілінде оқыды. Кітапхана қызметкерлері Елена Фетисова «Наследие Великого Абая» тақырыбында буктрейлер көрсетсе, Наталья Галаган «Миром признанный гений» атты Абай Құнанбаевтың ескерткіштеріне виртуалды экскурсия жасады. Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары да семинарға үлесін қосты. Анатолий Корниенко Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін оқыса, «Көзімнің қарасы» әнін Жасұлан Махаттың орындауында тамашаладық. Ал Мұхаметқали Рахалиев Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өленің оқыды. Семинардың толық нұсқасын instagram, You Tube әлеуметтік желісіндегі кітапханамыздың адресіне тіркеліп, тамашалауға болады.
Естеріңізге сла кетейік, биыл Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ақынның 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталып өтуде. Қазір ақынның еңбектерін халықаралық ғылыми айналымға енгізу үшін нақты және мақсатты жұмыстар қолға алынуда. Оның шығармалары әлемнің он тіліне аударылып, баспаға әзірленді. Шетелдегі елшіліктеріміздің жанынан Абай орталықтары ашыла бастады. Ақынның шығармашылығын жүйелі зерттеу үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан Абай академиясы құрылды. Бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін Абай мұрасын естен шығармауымыз керек. Себебі ұлт ретіндегі жаңару идеясы да оның көзқарасымен үндесіп жатқаны анық.
Елімізде 2007 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы үстіміздегі жылы Абай Құнанбаевтың «Қара сөздері» кітабынан басталды. Биыл акцияға Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы таңдалды. Абай өнегесінің құны дәуір алмасқан сайын артпаса, кемімек емес. Оның қара өлең болып өрілген және қара сөз болып төгілген оралымды ойлары әлі күнге дейін көпшіліккке өмірлік бағдар.

Шолпан ӘБІЛТАЕВА,
«Южный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

2 дня назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

2 дня назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

2 дня назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

2 дня назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.