Рудный қаласындағы Мемлекеттік тілдегі кітапханада қаламыздың құрметті азаматы, кенші, әуесқой ақын Қасымқайыр Дүйсенбаев атамызға арналған жас ұрпақпен тағылымға толы кездесу ұйымдастырылды.
Қасымқайыр Қазыбайұлы – Рудный қаласының іргетасын қалаушылардың бірі. Өмір жолында игі істерімен өшпестей із қалдырған атаны қала тұрғындары қатты құрметтейді. Ардақты жанның басынан өткендері есінде сақтаулы. Соның негізінде естеліктер жазып, дәуір кезеңдерін өлең, жырларымен сипаттай білген. Өндіріс орынындағы кездері де, туған жерге, өскен ортаға деген сүйіспеншілігі де өмірден көргені мен жиғаны мол қаламгердің жырларынан айқын сезіліп тұрады.
Өмір баспалдақтарын қамтыған «Тарих тағдырынан үзінділер», «Өмір тағдыр құдіреті», «Туған күндер суреті», «Жырларым менің» атты төрт өлеңдер жинағы жарық көрген және 2023 жылы «Ғасырға жуық ғибрат ғұмыр» кітабы жарық көрді. Кездесу барысында Қасымқайыр атамыздың өмір жолынан осылайша деректер келтіріп өттік. Аталған іс-шара арқылы қадірлі қонағымыздың өмірбаянын, ерен еңбегін, парасаттылығын, кәсіби кеншілік мамандығынан басқа әуесқой ақындық қабілетін де жастар арасында насихаттап, паш ету көзделді.
Шараға мектеп оқушылары, «Кездесу» клубының мүшелері қатысып, автордың өлеңдерін оқып, әндерін шырқады. Келген қонақтар да сөз алып, ыстық лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында Қасымқайыр атамыз барша жиналған қауымға, оқушыларға ақ батасын берді. Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, бақытқа кенеліп отырған атамызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Ардақты жанның дені сау, ғұмыр-жасы ұзақ болсын дейміз!
Қарасын БАҚАЕВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың қызметкері,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.