Саналы ғұмырын білім саласына арнап, жемісті еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Ал үрім-бұтағымен «педагог» атты мәртебелі атаққа лайық болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлікпен пара-пар әрекет.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Рудный қаласына арнайы барып, ұстаздық қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген қазақы қаймағы бұзылмаған Қаукен Өміржановтың әулетімен жүздесіп қайттық. Атамыздан тараған алты ер баланың екеуі Қалибек пен Сәрсенбек ағаларымыз жанұясымен педагогтік қызметке өмірін арнаған. Әулетте 9 мұғалім бар. Ұлағатты ұстаздар жанұясының еңбек өтілін қосар болсақ, 94 жылды құрайды екен. Олар бүгінде Рудный қаласындағы №15, №7, №14 мектептерінде абыройлы қызмет етіп келеді.
Бір ерекшелігі Қалибек пен Сәрсенбек Өміржановтар еңбек, сурет, сызу пәнінің мұғалімдері. «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, қолдарынан қазақтың ұлттық аспаптарын шеберлікпен жасай білетін олар, балалары мен немерелерін де осы өнерге баулып келеді. Сәрсенбек Өміржановтың жұбайы Сайран Еспайқызы биология пәнінен сабақ береді. Сондай-ақ Қостанай өңірінде мұғалімдерді қайта даярлауда биология пәні бойынша тренерлік қызметте. Ғұмырының 29 жылын ұстаздыққа арнаған ол мектепте үш рет Жыл мұғалімі атанды. Жылдар бойғы еңбегінің нәтижесінде «2016 жылдың үздік педагогі» атағын алып, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің атынан 2 миллион 121 мың теңгенің сертификатына ие болды. Қыздары Арайлым да Әулиекөл ауданының Маскалевка ауылында тарих пәнінің мұғалімі.
Қалибек Қаукенұлының жұбайы Тазагүл Демесінқызы 34 жыл үздіксіз педагогтік қызмет етіп келе жатқан жан. Рудный қаласындағы №15 мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Қалибек пен Тазагүл Өміржановтар көпбалалы отбасы. Жеті баласын тәрбиелеп, «ұлын ұяға, қызын қияға» қондырып, немерелерінің қызығын көруде. Төрт баласы әке мен ана жолын жалғап келеді. Педагогтер әулеті мейрам сайын бас қосып, оны бірлесе атап өтуді дәстүрге айналдырған. Мұғалімдер әулеті болғандықтан, өзара түсіністіктері ерекше байқалады.
– Қарап отырсақ, бір мектеп ашатындай жағдайымыз бар екен. жанұямызда барлық пән мұғалімдері бар. Тек орыс тілі мен математика мұғалімдері жетіспейді. Енді келін түсіру керек деп өзара күліп айтатын сөзіміз бар, – дейді Сайран және Тазагүл Өміржановалар бізбен әңгімесінде.
Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұн: «Адамның мәңгі болмағы, оның ары мен ел үшін еткен еңбегінде», – дейді. Үздіксіз ізденіс пен тынымсыз еңбек. Ұстаздықтың ұлы жолын таңдаған әр адам осы қасиеттерге ие болуы керек. Жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұрған ұлағатты мамандық иелері өнегелі өмірі мен еселі еңбегінің арқасында айналасына қадірлі. Бір-біріне қолдау көрсетіп, білгенін үйретуден жалыққан емес.
Жамал ШАУКЕН
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.