Осындай тақырыпта Мичурин жалпы білім беретін мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы жанынан құрылған «Мың жаса» жасағының еріктілері мен Мичурин мектебінің жас мамандары бірлесіп, қайырымдылық акциясын өткізді.

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. Халық арасында «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп те бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы қашанда қариясына ізет пен құрмет көрсеткен. Дей тұрғанмен, кейбір қарияларымыздың сый-құрметке бөленбей, үй шаруасын жалғыз өзі атқарып жүргені қынжылтады. Ерікті жастардың қайырымдылыққа бағытталған әрекеті жергілікті әкімдіктен көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттардың тізімін алып, сол бойынша ақпарат жинастырудан басталды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тегін айтпаса керек. Қариялардың жайын естіген жастар бірден ауыл тұрғыны, зейнеткер, педагогикалық еңбек ардагері Поповская Татьяна Ивановнаның үйіне келіп, көмек қолын созды. Олар баспана маңындағы қарды тазалап, сыртқа шығаруға жәрдемдесті. «Қарттарымыз – ұлтымыздың алтын қазынасы, сарқылмас байлығы. Ұрпақ үшін жан аямай күрескен қарттарымызды қадірлеу – біздің басты міндетіміз. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін де сол қарияларымыз», – дейді еріктілер қатарынан табылған жас мамандар.

Жастардан қолдау тапқан қарт әжеміз де ризашылығын білдіріп: «Көмектеріңіз үшін сіздерге үлкен рақмет! Еріктілерге, жастарға және барлық қамқорлық танытқан жандарға шексіз алғысымды білдіремін. Сіздерге тек денсаулық, бастамаларыңызға сәттілік тілеймін», – деп батасын берді. Мұндай іс-шаралар адам жанына қуаныш сыйлап, әлемде жалғыз емес екенін сезіндіреді. Ал қайырымдылық жасауға асыққан жастар осындай бастаманы қос қолдап қолдайтынын атап өткен жөн. Жастарды мейірімділікке, аға ұрпаққа көңіл бөлуге тәрбиелейтін іс-шаралар жыл сайын өткізіледі және қыс бойы жалғасын таппақ.
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Айжан ЖАБАЕВА,
Мичурин ЖББМ
басшысының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарлары,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.