Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Smart-Орталығының ұйымдастырумен бизнес-инкубациялық бағдарламаның жобаларын қорғауға бағытталған «Demo-Day» өтті. Бұл – қатысушылар жасаған жұмыстарының нәтижелерін көрсететін соңғы іс-шара.
Іс-шараны Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Smart-орталығы» «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігімен және Қостанай облысының «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ұйымдастырылуда. Бизнес-инкубациялық бағдарламаны жүргізудің басты мақсаты – бастаушы және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің білімін арттыру, сондай-ақ өмір сапасы стандарттарын жетілдіруге бағытталған әлеуметтік маңызы бар бизнес-бастамаларға қолдау көрсету. Яғни, бағдарлама стартаптардың өсуіне, дамуына және нарыққа сәтті шығуына жағдай жасау арқылы олардың жетістіктерін ынталандыруға ниетті.
Бизнес-инкубациялық бағдарламаға студенттер, жас ғалымдар, университет оқытушылары, ғалымдар, кәсіпкерлер, инфрақұрылымдық және мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, жеке компаниялардың, даму институттарының қызметкерлері, ірі компаниялардың басшылары, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік қызметкерлері мен жеке инвесторлар қатыса алады. Қатысушылардың жасы: 18-ден 45 жасқа дейін. Инкубациялық бағдарлама 2 ағыннан тұрады: бірінші оқу ағыны тамыздың 7-сі мен қыркүйектің 8-і аралығында; екінші оқу ағыны қыркүйектің 11-і мен қазанның 14-і аралығында өтті.
Бағдарламаның алғашқы легінің қорытынды күніне қатысып, қатысушылардың өз жобаларын қорғау барысына куә болып, кәсіби мамандардың әр жобаға деген сын-пікірлері мен ескертпелерін тыңдадық. Жалпы бағдарламаның бірінші ағынына 15 жоба қатысып, басты мақсатына жетуге тырысты: бизнес-инкубациядан сәтті өткен қатысушылар ойға алған инноваиялық жобаларын қаржыландыруға «Qazinnovations» АҚ-дан 20 млн теңгеге дейін грант беру конкурсына қатысуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады.
Әділ қазылардың айтуынша, жобалардың барлығы да үздік атануға лайық. Марапттау рәсімінде сөз алған Орсариев Арын Амангельдиевич қатысушылардың әрбір жобасына жеке-жеке тоқталып, артықшылықтары мен кемшін тұстарына тоқталып, пікірін білдіріп өтті. Артынша үш арнайы аталымдар бойынша қатысушыларды марапаттады. Осылайша, қазылар алқасының шешімімен «Үздік прототип» аталымына жүн өңдеу жобасымен қатысқан «Qoloner» қолөнершілер қоғамдық қорының басшысы Сәуле Кабидулова, «Ең перспективалы жоба» аталымына «Геоақпараттық жүйе» жобасы, ал «Үздік питч» аталымына «Best cheese» жобасы ие болды.
Ал қатысушылардың барлығы бизнес-инкубациялық бағдарламадан өткені үшін арнайы сертификаттарға ие болып, жобаларын жүзеге асыруға бір серпін алды деуге болады.
Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.