Қостанай облысының Қарабалық ауданында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері арасында республикалық спартакиада өтті. Бұл жылдағы ең маңызды спорттық оқиғалардың бірі Қарабалық ауданы әкімдігі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Биылғы спартакиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 21 команда қатысты. Оның ішінде облыстық департаменттердің әскери қызметшілері мен «Жас Шекарашы» әскери-патриоттық клубының мүшелері болды. Қатысушылардың жалпы саны 400-ден асты. Жарыс алаңдарында ерекше атмосфера орнады. Қарабалық ауданынан келген мектеп оқушыларынан бастап еңбек ардагерлері мен мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі тұрғындар спортшыларды қолдауға жиналды. Өз өңірлерінің спортшыларын қолдау үшін өзге облыстардан да қонақтар арнайы келді.
Погон таққан спортшылар жеті спорт түрінде бақ сынады: қазақша күрес, қол күрес, қызметтік үшсайыс, қызметтік биатлон, мини-футбол, волейбол және үстел теннисі. Негізгі жарыс алаңы Қарабалық аудандық стадионы болды. Ашылу рәсімінде ҚР Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелініп, жарыстың туы көтерілді және Мемлекеттік Әнұран орындалды. Салтанатты іс-шарада құрметті қонақтар қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
Олардың қатарында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов; Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Қуанышұлы Таңжарықов; Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің бастығы, полковник Алмат Мутигуллинович Джаржанов; Қарабалық ауданының әкімі Руслан Болатұлы Халықов және аудан басшылары болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің бастығы, полковник Алмат Жаржанов өз сөзінде: «Спартакиада – бұл тек спорт қана емес, бұл – біздің бірлігіміздің, шекарашылардың биік рухының көрінісі. Барлық ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және қонақтарға алғыс айтамын. Әрқайсыңызға әділ жарыс, жарқын эмоциялар мен жаңа жетістіктер тілеймін», – деп атап өтті.
Ашылу рәсімінен кейін аудандық өнер ұжымдары мен әскери қызметшілердің көрнекі қойылымдары ұсынылған концерттік бағдарлама өтті. Қызметтік үшсайыс пен қызметтік биатлон Қарабалық ауданындағы «Магнай» шекара бөлімшесінің аумағында ұйымдастырылды. Мұнда әскери қызметшілер тек дене шынықтыруларын ғана емес, кәсіби шеберліктерін де көрсетті.
Аудандық мәдениет үйінде қонақтар мен қатысушыларға қазақстандық шекарашылардың қызметі туралы «Қалқан» патриоттық фильмі көрсетілді. Қостанай облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшісі, қазақша күрестен жарысқа қатысқан Ербол Шәріп жарыстан алған әсерімен бөлісті.
– Татамидегі бәсеке өте жоғары болды, келгендердің бәрі – үздіктер. Бірақ мұнда ең бастысы – нәтиже емес, достық рухы мен жанындағы серігіңе сүйену. Әсіресе біз үшін осындай үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырғаны қуантты, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ұйымдастырушыларға жылы қабылдағандары үшін рақмет!, – деді.
Екінші күні спорт түрлері бойынша және жалпыкомандалық есепте жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Қатысушылар мақтау қағаздарына, кубоктарға, бағалы сыйлықтар мен естелік тартуларға ие болды. Марапаттар бөлім командирлерінің қолынан табысталды. Шекара қызметі әскери қызметшілерінің спартакиадасы тек спорттағы жеңістермен шектелмей, саламатты өмір салтын насихаттау, достық пен өзара түсіністікті арттыру, елге деген мақтаныш сезімін күшейтуге бағытталған маңызды іс-шара болды.
Ұйымдастырушылар тарапы барлық серіктестерге, қонақтарға және Қарабалық ауданының тұрғындарына жылы қабылдағандары үшін алғыстарын білдірді. Бұл күндер Отан шебінде де, спорт алаңында да жеңістің тек бірлік пен адалдық, биік мақсаттарға ұмтылудың арқасында келетініне дәлел болды.
Нұрасыл САКЕН,
Қостанай облысы бойынша ШҚ департаменті
әскери журналист, лейтенант «OS – ЧР»
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.