Қарттарға қолғабыс көрсетті

Выпуск - №14 (461)   :   09.04.2021
342

Наурыз қарсаңында колледжімізде онкүндік өтіп, «Игі істер күніне» орай колледжіміздің «Art.team-APK» жастар ісі жөніндегі комитеттің бастамасымен «Қарттарға қол созайық» акциясы ұйымдастырылды.

Акция барысында колледжіміздегі «Жүрек жылуы» еріктілері жылдағы дәстүрге сай бұл жолы Арқалық қаласына қарасты Северный ауылының тұрғыны жалғызбасты қарт әжей Якушонок Юлия Иосифовнаның үйіне барып, қолғабыс көрсетті. Еріктілеріміз Юлия Иосифовнаның мағыналы әңгімесін тыңдап, сұхбаттасып, ауласын қардан тазалап, далада қалған отынын жарып, ішке кіргізіп, үйінің шаруашылығына көмектесті.
Еріктілеріміздің ерен еңбегін бағалаған қар әжеміз риза болып, шын жүректен алғысын білдіріп, тілегін айтты. Кейінгі жас ұрпаққа ата-ана да, ұстаздары да адамгершілік қасиеттің не екенін түсіндіріп отырса, тәртіпті-тәрбиелі жастардың көбейетіні анық. Сыпайылық пен адамдық қасиеттерді дәріптейтін іс-шаралар колледжімізде әлі де жалғасын таппақ.

Алданыш БАЙЖУМИНА,
Арқалық политехникалық
колледжінің «Жүрек жылуы»
еріктілер ұйымының жетекшісі

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.