Қарттарға қуаныш сыйлады

Выпуск - №6(554)   :   10.02.2023
684

Арқалық политехникалық колледжінің «Art_team-APK» жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Үздік еріктілер» акциясы аясында «Қарттарға қуаныш сыйла» әлеуметтік-қайырымдылық жобасын жүзеге асыру қолға алынды.

Қашаннан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп өскен халықпыз. Бұл қазақ халқының ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрінің бір бөлшегі болса керек. Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеуіне арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету – бүгінгі жас буынның басты парызы. Осы тұста акция ерікті жастардың қозғалысын танымал ету және дамыту, «Birgemiz: Qamqor» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға үлес қосқан ерікті жастар бірлестігін анықтау мақсатында қолға алынды.

Осы аталған мақсатты бағыт етіп, Арқалық политехникалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының І курс білім алушылары қаламыздың тұрғыны, Қабдоловтар отбасына барды. Білім алушылар қарт кісілерімізге тұрмыстық үй жағдайына қолғабыс етіп, жақсылық жасау, ізеттілік көрсету ұғымын іс жүзінде қалай болатынын түсінді. Ақ жаулықты әжеміз бен ақ сақалды атамыз білім алушылардың игі ісіне риза болып, батасын берді. Акцияны қорытындылай келе тобымыз «Үздік еріктілер командасы» қатарынан табылды.


Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері, ПК-11
тобының топ жетекшісі

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.