Қауіпсіз орта – табысты білімнің негізі

Выпуск - №22(670)   :   13.06.2025
468

1

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде буллинг мәселесі өзекті тақырыптардың біріне айналып отыр. Педагог-психолог ретінде мен бұл проблеманың алдын алу үшін кәсіби білім мен дағдыларды үнемі жетілдірудің маңыздылығын жақсы түсінемін.

Осы орайда «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алудың ғылыми-практикалық негіздері» тақырыбында екі апталық курсқа қатысу мен үшін өте құнды әрі маңызды тәжірибе болды. Осы курста менімен бірге 25 педагог білім алды. Олардың қатарында педагог-психологтармен қатар пән мұғалімдері де болды. Бұл курстың мазмұны тек мамандандырылған мамандарға ғана емес, барлық педагогтерге пайдалы екенін көрсетті. Курсты ұйымдас-тырған «Өркен» институтына шын жүректен алғысымды білдіремін. Оқыту жоғары деңгейде өтті: мазмұны терең, теория мен тәжірибе үйлесімді болды. Сабақтар барысында нақты жағдайлар талданып, ғылыми негізделген әдістемелер ұсынылды. Бұл алған білімді күнделікті жұмысымда тиімді қолдануға жол ашты.
Буллинг дегеніміз не және неге ол қауіпті? Буллинг – бұл бір адамның екінші адамға қасақана және жүйелі түрде қысым көрсетуі. Ол сөз арқылы да, әрекет арқылы да, тіпті интернет арқылы да жүзеге асады. Мектеп қабырғасында буллинг балалардың психикасына ауыр әсер етеді: өз-өзіне сенімсіздік; сабақ үлгерімінің төмендеуі; мектепке барудан бас тарту; қорқыныш пен күйзеліс; кей жағдайларда өзін-өзі зақымдау, тіпті суицидтік ойлар. Буллингтің алдын алу – бүкіл мектеп ұжымының, ата-аналардың және оқушылардың бірлескен жұмысы. Алған біліміміз бізге мына бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді: қауіпсіз, қолайлы мектеп ортасын құру; балаларға эмоцияны басқару мен жанжалсыз қарым-қатынас тәсілдерін үйрету; буллинг белгілерін ерте кезеңде анықтау; ата-аналармен тығыз байланыс орнату; жеке және топтық психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру.
Буллинг – жай ғана тәртіпсіздік емес, бұл – балалардың болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Осындай өзекті тақырыпты терең әрі практикалық тұрғыда қамтыған «Өркен» институтының оқыту курсы бізге үлкен серпін берді. Курстан алған білімімді күнделікті жұмысымда пайдалана отырып, оқушылар үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бар күшімді саламын. Тағы да «Өркен» институтына алғысымды білдіремін. Мұндай курстар – тек кәсіби даму ғана емес, сонымен бірге үлкен әлеуметтік жауапкершіліктің бір көрінісі.

Перизат БЕТМАГАМБЕТОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы,
Қостанай ауданы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.