Наурыз айының 24-і Қостанайлық өнер сүйер қауым үшін ерекше күн болды деуге әбден болады. Неге десеңіздер, дәл осы күні облысымызға танымал «Казачья Воля» вокалдық ансамблінің ән кеші өтті.

Ансамбль қазақ, орыс және славян халықтарының әндерін ерекше стильде орындайды. Бұл кеште ән ғана емес, би де, көрініс те болды. Кеш шымылдығы «Ой, то не вечер» әнімен ашылды. Керемет көңіл-күйге бөленген көрермендердің ризашылықтарында шек болмады. Кеш барысында «Не для тебя», «Любо мне, когда Дон», «Ах, судбьа» сынды түрлі әндер шырқалды. Келген қонақтар жиырма алтыға жуық туынды тыңдап, ерекше көңіл-күйде тарқады. Бауырмалдықты ту еткен бұл ансамбль қазақ халқы үшін ерекше құрметке лайық.
«Казачья Воля» вокалдық ансамбльдің тарихына көз жүгіртсек, ол 2015 жылы құрылған. Ансамбль құрамында әртүрлі мамандық иелері бар. Тағы бір ерекшелігі, ансамбль мүшелерінің музыкалық білімі жоқ, табиғатынан берілген тума талант иелері. Олардың әр қойған қойылымы – қазақ мәдениетінің көрінісі. Әдет-ғұрыптарды жандандыра отырып, дәстүрді дәріптейді. Жастарға қазақ мәдениетін көрсетіп, ән арқылы жеткізуді мақсат етеді. Әрине, ансамбль құрылғаннан бастап бірқатар қиындықтардан өтті. Бірақ осы күнге, осы биігіне бірліктің арқасында жетіп отыр. Ансамбль солистері ерекше театрлық қойылымдар, бейнелер жасайды. Бір отбасындай болып кеткен талант иелері өз шеберліктерін дамыту үшін ансамбль деп өмір сүреді. «Казачья Воля» ансамблі қалалық мүгедектер үйінде, кәсіпорындарда қайырымдылық концерттерін, сондай-ақ православиелік мерекелерге арналған концерттерді ұсынады. Қалалық және облыстық іс-шараларға белсене қатысады. Және біздің кітапхана ішінен ашылған клубтың белді мүшелері. Бұл біз үшін үлкен мәртебе!
Арайлым КАБИМОЛДАКЫЗЫ,
«Северный» кітапхана-
филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.