Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен «Қазақ тіліне жеті қадам» форумына тіл мамандарының жемісті еңбегі еленіп, Қостанай қаласына шақырту алғаны зор қуаныш болды.
Бейімбет Майлин ауданының делагациясы
Өзге ұлт оқушылары мемлекеттік тілге деген құрметі мен ыстық ықыласының арқасында жеті ай бойы берілген тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарады. Тапсырмалардың алғашқысы қатысушылардың тіркелуінен басталып, артынша эссе жазу, түрлі бейнероликтер, презентациялар, өлеңді жатқа оқу, сұхбатқа түсу, ашық тәрбие сағаттарын өткізу сынды басқа да ауқымды тапсырмалардан аудан бойынша сараланып отырған оқушылар облыстық форумға барып қайтты.
Барлық аудандар бойынша, мемлекеттік тіл жанашырлары ретінде, 200-ден астам педагог пен олардың шәкірттері бас қосып, мазмұнды іс-шара жүргізді. Бұл «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушісі Алла Гавринаның алғаш рет қолға алған «Қазақ тіліне жеті қадам» жобасының облыс көлемінде аяқталуы болды. Осы күнге дейін дарынды оқушылар мемлекеттік тілді үйренудегі жетістіктерінен ашық сабақтар беріп, кураторлардың тапсырмаларын орындады. Олардың жеті ай бойы қаншама қызықты сәттерді бастан өткізгені естерінде мәңгі қалары сөзсіз, өйткені облыстық форум да қызықты сәттермен аяқталды.
Форумның ашылуында облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев құттықтау сөз алып, бұл күндері мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің қатары артып келе жатқанын және біздің ортақ міндетіміз – қазақ тілін үйренуге ұмтылатын түрлі этникалық топтардың жастарын қолдау екенін атап өтті. Айтыскер ақын апамыз, зейнеткер ұстаз Әсия Беркенова көзіне жас ала отырып, мына бір форумның осынша өзге ұлт өкілдерін құшағына алып, мемлекеттік тілде тіл сындырғандары аса үлкен қуанышқа бөлейтінін айтып, игі тілегін білдірді.
Облыстық ақсақалдар ұйымының төрағасы Қалқаман Жақып ағамыз Ахмет Байұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ірі тұлғасы, зейнеткер педагог ретінде пікірін білдіріп, бұл – мемлекеттік тілдің өркен жаюына ықпал ететін форум екенін айтып өтті. Содан соң, мегаполистер – Астана мен Алматы қаласынан келген қонақтар, яғни қазақ тілді спикерлер сөз алды. Олардың мектеп жасынан бастап қазақ тілінде өткен түрлі байқаулардың жеңімпаздары болғанын, мемлекеттік тілге деген құрметінің сол кездерден-ақ басталғанын білдік. Шәкірттеріміз өздерінің де болашақта сол қатардан табылатындығына сенімді.
Алдымен Алматыдан келген Алла Гаврина өзінің қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін шынайы баяндап, ана тіліндей құрметпен қарап, бағалайтынын айтты. Астанадан келген жастардың қатырында этномәдени бірлестіктің төрағасы Юлия Лагутина және домбыраның күйін төгілткен таза қазақша сөйлейтін шоумен Крис Блэк деген азамат Африкандық елшілік ретінде ағынан жарылып, тілектерін білдіріп жатты. Олардың қазақша көркем сөйлегендеріне таңырқай қараған оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылығы одан сайын арта түскендей-ақ. Бұл алғашқы форум болса да, келесі форумға қатысатындар көбейеді деген үмітте болды.
Бейімбет Майлин аудандық білім бөлімінің басшысы А.Алимбаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері бірлестігінің әдіскері Д.Алиева мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің жеті ай бойғы тапсырмаларды орындау барысын бақылауға алып, аудан бойынша үздіктердің қатарынан табылған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін облыстық форумға іс-сапарға жіберді. Олар: Тобыл ЖББ мектебінен Маржан Нурсейтова және Айсауле Темирбаева, Набережный ЖББ мектебінен Гулдрайхан Кульпеисова, Б.Майлин атындағы ЖББ мектебінен Гульнур Абишева және Несібелді Калиева, Юбилейный ЖББ мектебінен Зульфия Шайхыстанова, сондай-ақ Красносельск ЖББ мектебінен Ардак Жансинова.
Үздік бейнесабақ жасаған Айгерим Ткач
Атаулы мұғалімдер өздерінің қатысқан оқушыларын апарып, коучинг, тренинг, шебер-сынып сияқты түрлі іс-шараларға қатыстырды. Форум соңында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамлеясы облыс бойынша ең жақсы бейнесабақты марапаттап, біздің Тобыл ЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Айгерим Ткач мақтау қағазы мен сыйлыққа ие болды. Қалған сегіз оқушы Алғыс хаттармен марапатталып, сыйлықтарын алды. Облысымыздың басқа аймақтарынан он оқушы Республикалық форумға жолдама алды. Алдағы уақытта дарынды оқушылардың саны артады деген үміттеміз. Марапаттарың құтты болсын, дарынды шәкірттер! Еңбектеріңіз елге аян болсын, құрметті әріптестер! Әлі де биік шыңнан көріне берейік! Осылайша мемлекеттік тілдің мәртебесін ойлар тіл жанашырларының саны арта түседі деген ойдамыз.
Маржан НУРСЕЙТОВА,
Бейімбет Майлин ауданы
Тобыл жалпы білім беретін
мектебінің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай облысы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.