Қостанай қаласындағы «Дорожный» кітапхана-филиалының қызметкерлері №17 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен Республика күніне арналған «Қазақстан – егемен мемлекет» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның басында оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады. Бұл сәт баршаға патриоттық рух сыйлап, тақырыптың өзектілігін айқындай түсті. Кітапханашы жастарға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, мемлекет дамуының негізгі кезеңдері, ел мен азаматтар үшін егемендіктің маңызы туралы әңгімелеп берді. Оқушылар сұрақтарға белсене жауап беріп, Отан мен туған өлке жайлы өлеңдерін оқыды. Нұрдаулет Махмутов домбырамен «Балбырауын» күйін орындап, іс-шараға ұлттық нақыш берді. Сондай-ақ «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты тақырыптық кітап көрмесіне шолу жасалып, оқушыларға ел тарихы мен тәуелсіздікке арналған кітаптар мен мақалалар таныстырылды.
Айнагүл УТЕБАЕВА,
«Дорожный» кітапхана-филиалының кітапханашысы,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.