Қазыналы қарт майдангердің 100 жылдығы

Выпуск - №35(683)   :   19.09.2025
257

100-1

Қостанай қаласындағы «IQostanay» Оқушылар орталығында ҰОС ардагері, Қостанай облысының Құрметті азаматы Қасымхан Алдабергенұлының 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазыналы қарт майдангер» атты салтанатты іс-шара өтті.

Қасымхан Алдабергенұлы 1945 жылғы ең ауыр шайқастарға қатысып, 2-ші және 3-ші Украина майдандарында соғысты. Венгрия, Австрия, Чехословакияны азат етуге атсалысып, Жеңісті Чехословакия жерінде қарсы алған. Майдангердің өмір жолы соғыспен ғана шектелмейді. 1971 жылдан бастап облыстық «Коммунизм таңы» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінде еңбек етіп, жиырма жылдан астам уақыт бойы Ұзынкөл-Меңдіқара және Әулиекөл-Науырзым өңірлерінде меншікті тілші болды.
Оның журналистік еңбегі де ұрпаққа үлгі боларлық. Бұған қоса Қасымхан ақсақалдың шығармашылық қыры да бар. Ол композиторлықпен айналысып, күйлер шығарып, оларды ел ішінде насихаттады. Қасымхан Алдабергенұлының «Нұрхан сазы» атты күйін мерейтойда немересінің досы, ұлты кәріс болса да қазақтың домбырасын серік еткен өнерпаз Марк Ли орындап берді. Бұл сәт жиылған жұрттың жадында ерекше әсер қалдырғаны рас.

100-2


Салтанатты кеш барысында ардагерді құттықтаған ресми тұлғалардың жүрекжарды лебіздері білдірілді. Қорғаныс істер министрінің құттықтауын облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент басшысының орынбасары, подполковник Болат Мұратұлы жеткізді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Ахметов Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Халық қаһарманы, Мәжіліс депутаты Ізмұхамбетовтің құттықтау хатын оқып, ардагерге «Құрмет белгісі» төсбелгісін табыстады.
Астанадан арнайы келген белгілі жазушы, журналист, Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Қайсар Әлім жүрекжарды тілегін өлең жолдарымен өрнектеп, ардагерге сый-құрмет көрсетті. Қамысты, Жітіқара және Науырзым аудандары әкімдерінің орынбасарлары да сахнаға көтеріліп, Қасымхан атаны құттықтап, сый-сияпат тарту етті. Орталықтың фойесінде келген қонақтар ардагердің өмір жолы мен майдандағы ерлігін айшықтайтын көрмені тамашалады.
Іс-шара барысында «Жұлдыз» студиясының домбырашылар ансамблі ұлттық рух пен дәстүрдің айнасындай болған әуендер орындады. Бағдарламаның ең әсерлі сәті – Абылай Мауданов түсірген деректі фильмнің көрсетілімі болды. Онда майдангердің жауынгерлік жолы мен бейбіт өмірдегі еңбегі жан-жақты қамтылды. Кеш барысында Қазақстанның құрметті журналисі Жайберген Болатов пен Журналистер Одағы облыстық филиалының төрайымы Александра Сергазинова сахнаға шығып, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Өнегелі жиынның соңында мерейтой иесі Қасымхан Алдабергенұлы барша жиналған қауымға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Қазыналы қарт майдангердің мерейтойы – ұрпақ жадында мәңгілікке таңбаланған ғибратты күн болып қалмақ.

Аружан АНИСОВА,
Айгерім БАХИТБЕК,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Қостанай өңірлік университетінің
3-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.