Кітап оқуға шақырамыз

Выпуск - №17(665)   :   02.05.2025
1288

1


Әу бастан рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, оның білімін ұштайды, сенімді серігі әрі ажырамас досына айналады.


Заманауи қоғамда теледидар мен интернет жетекші орынға ие болды. Бұл құралдар адамзат өміріне кітаптан кейін келді. Алайда бір қызығы, теледидар да, интернет те кітаптың орнын алмастырып кете алған жоқ. Оқырман санын азайтты деп айту – кітапты толықтай алмастырды дегенді білдірмейді. Кітап өзінің бастапқы тұғырында қала береді. Себебі, рухани байлықтың бар асылы – кітапта. Ұлттың рухани және интеллектуалды дамуының маңызды құралы ретінде кітап оқуға жастарды тарту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен «Балалар кітапханасы» жобасының үлесі зор.

Кітап оқу – білім мен рухани құндылықтарды меңгерудің бір жолы әрі тұлғаны тәрбиелеу мен білім беру арқылы адамның табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің артуына әсер етеді. Мектебімізде 2024-2025 оқу жылына арнап «Кітап – асыл қазына» тақырыбында жоба әзірленді. Аталмыш жоба оқушыларды кітап оқуға баулу және кітаптың асыл қазына екенін ұғындыруды көздейді. Жоба аясында «Кітап оқуға шақырамыз» акциясы жарияланып, кітап оқу үшін арнайы кесте құрастырылды. Соған сай сынып жетекшілері оқушыларымен бірге кітап оқып, талқылау жұмыстарын жүргізуде. Бұл кестенің уақытылы орындалуына жоба жетекшісі ретінде мен және кітапханашы Ж.Кенжебай жауапты.

Кітап адамды терең ойлауға жетелейді. Әр адам кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарды үйренеді. «Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деген сөз бекер айтылмаған. Кітап адамның білімге деген құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адам ешқашан шетте қалмайды. Қазір технологияның қарыштап дамып жатқанына байланысты «кітапханалардың болашағы жоқ» деген пікір қисынсыз. Себебі, компьютер адамның денсаулығына, әсіресе көзге зиян келтіруі мүмкін. Егер кітапхана болмаса, бізден көз қала ма?! Сондықтан болашақ адамның өз қолында: кітапхананың қандай заман болмасын, маңызы жоғары екенін дәлелдеуіміз керек.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Білім әртүрлі формада: ауызша, жазбаша немесе көркем әдебиет арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырады. Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті» деген сөзді әрбір адам ұғынуы тиіс. Кітап – бүгінгі күн тұрғысынан да маңызын жоғалтпаған дүние. Ендеше қоғамның сан-салалы мақсаттарының ішінде бастысы – жас оқырманды тәрбиелеу. Бұл оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың абыройлы әрі үздіксіз атқаратын міндеті болмақ.

Гулим КАЛИЕВА,
Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Жангелдин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.