Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен еді. Аталмыш жоба аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ.

Яғни, олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енгізіледі. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып саналады. Оқу сауаттылығы – қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады.
Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып-білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті – өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады. Сондықтан бүгінде оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет.
«Инновациялық білім беру» зияткерлік орталығының директоры Е.А. Банцыреваның қолдауымен «Кітап оқыған озар!» атты байқау ұйымдастырылды.Жаңа стандарттарда бастауыштағы оқушының оқу құзыретін қалыптастыру үшін әдеби оқу үйрену басымдық саналады. Сыныбымызда «Оқуға құштар мектеп» атты бұрыш ұйымдастырып, жас ұрпақтың бойында кітап оқу құзыреттілігін қалыптастырып, оқушыларым өздеріне қызықты тақырыпта мәлімет алып, сүйікті ертегі кітаптарын оқыды.
Кітап – адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани байлық. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп ақын Абай Құнанбаев жырлағандай, ерінбей білім алуға асығайық. Білімнің сарқылмас сандығын кітаптан таба алатынымызды ұмытпайық.
Қанымкүл ВАЛИЕВА,
Науырзым ауданы білім
бөлімінің бастауыш
сынып әдіскері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.