Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный мектебінде 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында «Егер де қиын болса, жай қоңырау шал!» атты сенім телефонының жұмысы туралы акция ұйымдастырылды.
Ақпараттық-түсіндіру мақсатын көздеген шара барысында Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының қызметі жайлы да ақпарат берілді. Акцияның мақсаты – 5-11 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына, мектеп педагогтерінің психологиялық сауаттылығын арттыру және психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы ұсынған визиткалары мен буклет жадынамалары арқылы ата-аналар мен білім алушылар, педагогтер консультациялық психологиялық көмек пен күрделі мәселені шешуге жәрдемдесетін, құқықтық көмек көрсететін мәліметтермен танысты.
Іс-шара WhatsApp желісі арқылы ақпараттандыру түрінде, мектептің Instagram парақшаларында және мектеп сайтына жүктеліп, таныстырылды. Оқушыларға сынып бөлмелерінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, визиткалар таратылды. Ата-аналар мен педагогтерге Facebook желісіне де жадынамалар жарияланып, ұсынылды. Балалар мен ата-аналарға және педагогтерге тәулік бойы сенім телефондары жұмыс істейтіндігі, оның кеңес не болмаса көмек алу үшін таптырмас мүмкіндік екендігі айтылды. Ұйымдастырылған акция – күйзелісте жүрген әр адамға қолдау көрсетіп, адамның өзіне деген сенімділігін арттырып, үміт сыйлайды деген ойдамыз.
Т.Хусайнова,
Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный ЖББМ психологы,
С.Карманова,
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.