Жангелдин жалпы білім беретін мектебінде «Егер де қиын болса, жай қоңырау шал!» атты сенім телефонының жұмысымен таныстыру мақсатында акция өтті. Ол мектеп оқушыларына психологиялық көмек, қолдау көрсету мақсатында қолға алынған.
Акция мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру, мектеп педагогтерінің психологиялық сауаттылығын арттыру және психологиялық қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы ұсынған визиткалары мен буклет жадынамалары арқылы ата-аналар мен білім алушылар, педагогтер консультациялық психологиялық көмек пен күрделі мәселені шешуге жәрдемдесетін, құқықтық көмек көрсететін мәліметтермен танысты.
Оқушылар мен ата-аналарға және де педагогтерге тәулік бойы сенім телефондары жұмыс істейтіндігі әрі оның кеңес немесе көмек алу үшін таптырмас мүмкіндік екендігі айтылды. Ұйымдастырылған акция – күйзелісте жүрген әр адамға қолдау көрсетіп, адамның өзіне деген сенімділігін арттырып, үміт сыйлайды деген ойдамыз. Акция соңында оқушылар мен педагогтердің пікірі тыңдалып, өткізілген акция туралы мәлімет мектебіміздің әлеуметтік желідегі парақшасы мен мектеп сайтына жүктелді.
Қарлығаш УТЕБАЕВА,
Жангелдин ЖББМ
психологы,
Аралбай ауылы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.