Қоғамға төнген қатердің алдын алу

Выпуск - №41(387)   :   29.10.2019
260

Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесінің өзектілігі жоғары. Оның алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында «Психологиялық қолдау және қосымша білім беруді дамыту өңірлік орталығы» мен «ГрИн» Қостанай облысының «Азаматтық альянсының» ұйымдастыруымен «Өмір сүру бақыты!» аймақтық форумы өтті.

Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқының алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатындағы форумға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беруді дамыту өңірлік орталығының» директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, философия докторы, жоғары санатты психолог Елена Петренко, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жеке тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту бөлімінің басшысы Зылка Жылқыбаева, «Ақ көгершін» ҚБ жетекшісі Альбина Ерохина, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ бас эксперті Қанағат Қасым және «ГрИн» Қостанай облысының «Азаматтық альянсының» басшысы Динара Өтебаева арнайы қатысып, пікір-ұсыныстарын білдірді.

– Осы шараға жиналғандардың мақсаты бір. барлығымыз да жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесінің алдын алып, оларға бұл қиындықтан шығудың соңғы жолы емес екендігін түсіндіру бағытында жұмыс істейміз. Алайда, жұмыстың неғұрлым өнімді болуы үшін барлығымыз бірлесе әрекет етуіміз керек. Бұл шараның да мақсаты сол – өзара тәжірибе алмасып, қоғамда туындаған өзекті мәселенің қанат жаюына жол бермей, оған үлкен жауапкершілікпен қарауға бағыттау, – дейді Елена Александровна.

Психологиялық қолдаудың өңірлік орталығының басшысы атап өткендей, форумның тақырыбы болған мәселенің алдын алу бағытында жұмыс істейтін мамандардың басын қосқан форум биыл тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Оған қатысу үшін білім басқармаларының әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілер мен мектеп инспекторларынан құралған, жалпы саны 160 адам ат салысты.

Шара екі кезеңнен тұрды: теориялық және практикалық. Практикалық кезеңінде қатысушылар үш топқа бөлініп, оларға арнайы шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Атап өтсек: әлеуметтік педагогтерге «Барлығы отбасыдан басталады» атты тақырыпта психолог Анастасия Баранова, педагог-психологтарға «Өмір дағдылары: мен шешім қабылдаймын» атты тақырыпта Альбина Ерохина және мектеп инспекторлары мен сынып жетекшілерге «Білім беру ортасындағы Буллинг оқушылардың денсаулығына қауіп ретінде» тақырыбында психолог-жаттықтырушы Владимир Алексанин өткізді.

Жасөспірімдер арасында суицидтің кең етек жаюына сол шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, осы және т. б. себепкер болып отыр. Форумға қатысушылардың айтуынша оның алдын алу үшін балалармен тиімді жұмыс жүргізу қажет. Форум соңында барша қатысушылар арнайы сертификаттарға ие болды.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.