Қоғамның дамуы һәм «Мәңгілік ел»

Выпуск - №36 (432)   :   13.09.2020
152

Стратегия дегеніміз не? Ол не үшін керек? Әлбетте өмірде адамда мақсат болу керек. Күнделікті жұмысқа барып, өмір сүруге құлшындыратын, жеңіске жетелейтін мақсат болуы шарт. Сол сияқты мемлекетте де болашаққа бағытталған мақсаттың болу заңды.

Күнделікті қоғамның әлеуметтік даму барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге, мемлекет болып қалыптасуына жетелейтін мақсат болу шарт. Ал стратегия осының бәріне қалай қол жеткізудің нұсқаушысы. Елбасының 2014 жылғы халыққа Жолдауы стратегиялық маңызы бар аса құнды құжат. Бұл құжатта мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы айқын көрсетілген. Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Елбасы еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап, ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол-қазақстандық жолды қалыптастырды.

Елбасымыздың Қазақстан халқының ортақ тағдыры – Мәңгілік ел екенін, бабаларымыздың арманы болғанын айтып өтті. «Мәңгілік ел» ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алынып, ұлттық идеяның тамырына айналды. Осылайша тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдағы уақытта дамуына негіз бола алатын, халықтың арман-мұратына айнала алатын ұлттық идеяның негізі қаланды.

Біз үшін «Мәңгілік ел» – ұлттық идея. Осыған қол жеткізу үшін мақсаттар қойылды. Бірінші мақсат – дамыған елу елдің қатарына кіру болды. Келесі мақсат бойынша 2050 жылға қарай мемлекетіміз дамыған отыз елдің қатарына енуі керек. Стратегия – жоспар емес. Бұл біздің ұлт, этнос ретінде бірігуіміз іспетті – идея. Бұл жолда бүкіл әлеуметіміз бен энергиямызды және күш –жігерімізді жұмсауымыз керек. Маған Елбасымыздың: «Еліміздің жетістігі – зертханаларда», – деген сөзі ұнайды. Сонымен қатар Ұлыбританияның Премьер-министрі болған Тони Блэрдің: «Британияның ұлы тарихы бар. Бірақ бұл музейде өмір сүруді білдірмейді. Болашақпен бірге болуымыз керек», – деген сөзі бар. Яғни стратегия бағдар болса, соған жетудің құралы – білім. «Мәңгілік ел» идеясы халықтың әл-ауқатын жақсартып, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. Үкімет бұл бастаманы жүзеге асыруда біраз жұмыстар атқаруда.

Осы Жолдаудан кейін әлеуметтік салаға айрықша көңіл бөлінді. Соның ішінде, студенттердің стипендиясы, денсаулық, білім, әлеуметтік қорғау, мүгедектерге және асыраушысынан айрылғандарға төленетін жәрдемақылардың өскендігі. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып та жатыр. Жастар «Болашақ» бағдарламасының аясында шет елдерде білім алып, шетел тәжірибесінің артықшылықтары мен кемшін тұстарына көз жеткізіп, санасына тоқып келіп, еліміздегі маңызды қызмет салаларында сол тәжірибелерін қолданып, еңбек етуде. Мемлекет басымдылық берген «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы ауылдық елді-мекендердегі маман тапшылығын шешуге сеп болуда. Ауылдық аймақтағы сұранысқа байланысты медицина, білім беру және мәдениет саласына білікті, білімді жас мамандар келуде. Олар бүгінде ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда.

Сонымен қатар білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, өз-өзіне қызмет көрсету салалаларында заман талабына сай электронды қызмет көрсету жүйесін енгізді. Бұл қызмет түрлері қазіргі уақытта халыққа қалтқысыз қызмет етуде. Қазіргі уақытта «Мәңгілік ел» идеясына қызмет жасайтын оқыған, әлемдік бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелейтін ұстаздарымыздың қоғамдық әлеуметтік орны, мәртебесі туралы заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Мәңгілік ел идеясының шеңберінде «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты әлеуметтік жобасы ұйымдастырылған болатын. Біздің Қазақстан агротехникалық колледжі осы бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығы мамандықтарына отыз студентті қабылдап, жаңа заман талабына сай студенттерді оқытып шығарды.

Жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу – алда тұрған басты міндеттердің бірі. Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету. Осы негізде мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік қырынан дамытып, қазақ халқының «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қобыланды» және т. б. эпостары арқылы қазақ халқының бай этно-мәдени және философиялық мұрасы негізінде тәрбиелеу мақсатында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауын жариялады. Жоба аясында 107 беттен тұратын «Қобыланды батыр» жырын 50 мың оқушыға толық жаттату көзделген.

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан, олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өн бойына біріктіріп, ұштастыра біліп, елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек. Мәңгілік ел негізінде әрқайсымыз үшін қарапайым, ұғынықты және ең құнды ақиқат жатыр олар: отбасымыздағы бірлік, қонақжайлылық пен еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және ертеңгі күнге деген сенімділік.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – болашаққа деген нақты қадам. Ол барлық қазақстандықтардың қоғам алдында тұрған өзекті міндеттерін шешетін, алға деген ұмтылыстары мен күштерін біріктіруі қажет. Сондықтан да мәңгілік әрі бәсекеге қабілетті ел болу үшін, болашақ ұрпағымыз осы негіздегі мықты идеологияны бойына сіңірген болуы керек. Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімге бастайтын құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етейік!
Біз бүгін ХХІ ғасырдың есігін айқара ашып, төріне еніп отырмыз. Бұл ғасыр Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше: «Қазақстанның ұлттық идеясы – Мәңгілік ел!», – деп Елбасымыз атап көрсеткендей, тәуелсіздіктің тұрақтлығы мен баянды болуы қазіргі ұрпақтың оны терең түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете түсніп, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады. Еліміздің жарқын, келешегі кемел болуы жолында бірлесе көтерген жүк жеңіл болатыны сияқты, жұмыла әркет етсек үлкен нәтижелерге жетеріміз анық.
 

Анар АГДАВЛЕТОВА,
Казақстандық агротехникалық
колледждің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы,
Қарабалық ауданы

 

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.