Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

Көкпарда жұлқып алысқан

Выпуск - №16(712)   :   24.04.2026
541

Көкпарда жұлқып алысқан (1)

«Арғымақ» ипподромында ат спортының жаңа маусымы шымылдығын түріп, ұлттық рухты ұлықтаған дүбірлі дода өтті. Облыстық чемпионатта өңірдің түкпір-түкпірінен іріктеліп келген 9 команда мен 110 спортшы бақ сынады.

Көкпар – ептілік пен төзімділіктің, айла мен ұйымшылдықтың сыналатын алаңы. Әр команда жеңіс жолында өз тактикасын ұтымды пайдаланып, бар күш-жігерін салды. Ат пен шабандоздың үйлесімі, шеберлік пен жігер – бәрі де аталмсыш додада таразыға түсті. «Қостанай облысының чемпионаты басталды. Бұл – ересектер арасындағы дода. Құдайға шүкір, ойын деңгейі жыл сайын өсіп келеді. Біздің шабандоздарымыз бен аттарымыз да күн санап жетіліп жатыр. Қазіргі таңда чемпионатқа тоғыз команда қатысуда, бұл – өте жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта командалар саны 12-13-ке дейін көбейеді деп сенеміз», – дейді бас төреші Рыскелді Байтасов.

Көкпарда жұлқып алысқан (2)


Чемпионат қатысушыларының қатарында тәжірибелі тарландармен қатар үміт күттірер жас буын өкілдері де бар. Солардың бірі – Амангелді ауданының ең жас көкпаршысы Сержан Мәдәлі. Жас болса да, ат құлағында ойнаған ол шапшаңдығымен және батылдығымен көзге түсті. «Мен Амангелді ауданынан келген ең жас спортшымын, жасым 20-да. Биыл барлық жарыстарға белсене қатысып жүрмін. Жақында ересектер қатарына қосылдым. 2023 жылы Қостанай облысындағы «Маңғыстау Адай Ата» тобында болдым. Бүгінгі ойын керемет өтті. Арқалық командасына қарсы ойнадық. Есеп 1:1 болды. Жігіттер де, аттар да мықты, деңгейі айтарлықтай жақсарған», – дейді көкпаршы Сержан Мәдәлі.
Биылғы чемпионаттың басты ерекшеліктерінің бірі – ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі спортшылардың қатысуы. Олар тек жеңіске ұмтылып қана қоймай, кейінгі толқынға бағыт-бағдар көрсетуді де мақсат тұтқан. Алаңдағы әрбір сәт пен әрбір тартыс жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе мектебіне айналды. Осындай бәсекелерде шыңдалған жастар ертең елдің намысын қорғайтын нағыз саңлақтарға айналары сөзсіз.
– Ойынның қаншалықты тартысты екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Командалар өте мықты. Бұрын есеп 7:0 болып аяқталатын болса, бүгін ойын тең дәрежеде өтіп, әрең дегенде 1:1 есебімен аяқталды. Барлығы аға буынды қолдап, солардан үлгі алуда. Әр өңірдің намысын қорғап жүрген аттар да ерекше. Мысалы, Амангелді ауданынан шыққан Олжас атты тұлпар бар. Оның соңынан тағы төрт шабандоз ілесіп келеді. Дәл осы ат есепті теңестіріп, жарысты абыроймен аяқтауға септігін тигізді», – дейді көкпардан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрбол Қожабеков.
Үш күнге созылған жарыс нәтижесінде жүлделі екінші орынды Қостанай және Жангелдин аудандары бөліссе, үшінші орын Рудный қаласының командасына бұйырды.

Гүлім БАТЫР,
Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.